Есіл аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

 

Есіл аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан

халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 9 шілдеде сағат 11.00-де Есіл қаласында сегізінші шақырылған Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс 50 сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына сұрақтар енгізіледі:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-42/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 8С-28/5 «Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқалар.

Есіл аудандық мәслихаты

төрайымы                                                                А.Әділбаева 

 

 

Оқиға күні

02 шілде 2026

Оқиға түрі

Хабарландыру