Есіл аудандық мәслихатының Есіл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты Есіл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрылғаны туралы хабарлайды.

Есіл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссиясы бес мүшеден тұрады.

Есіл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған, 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін қалыптастырылатындарға қатысты мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) тиісті округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссиясының мүшесі мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Ағымбаева Сәуле Кәмелқызы Есіл аудандық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6.

Жауапты тұлға - Осипова Татьяна Васильевна, қалааралық телефон коды (871647) 21194, ұялы телефоны 8 7014629377, электрондық пошта мекенжайы t.osipova@akmo.gov.kz; esil_masl@aqmola.gov.kz

                  

                                                                      Есіл аудандық мәслихаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқиға күні

30 желтоқсан 2022

Оқиға түрі

Хабарландыру