Құрметті тұрғындар, қымбатты жерлестер!


Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының атынан Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл айтулы күн – қазақстандықтардың тарихы мен тағдырында ерекше орын алады, еркін елде өмір сүруге, өз тағдырын өзі анықтауға тарихи сын айтқан халқымыздың бірлігі мен тұтастығын бейнелейді.
Бізге аса маңызды миссия – осы жылдар ішінде жеңіп алған жетістіктерді сақтау және көбейту, әрбір қазақстандыққа лайықты болашақты қамтамасыз ету, туған өлкенің және тұтастай алғанда елдің дамуына өз үлесін қосу жүктелген.
Бүгін біз ауданымызда болып жатқан жаңа өзгерістердің куәсі болып отырмыз: жолдарға, білім беру мекемелеріне жөндеу жүргізілуде, мектептер мен медициналық мекемелерге жаңа жабдықтар сатып алынуда.
Біздің мақтанышымыз ол – Отанымыздың барлық жетістіктерінде әрқайсымыздың үлесіміздің бір бөлігі бар, біз жаңа көкжиектерді тек біртұтас отбасы – Қазақстанның еркін көпұлтты халқы ғана игеретінін білеміз!
Құрметті есілдіктер!
Бұл мереке Сізге күш, ертеңгі күнге және еліміздің жарқын болашағына сенімділік берсін. Сізге және Сіздің жақындарыңызға тұрақтылық, өркендеу және денсаулық! Сіздің барлық бастамаларыңыз нәтижелі, ал болашағыңыз жарқын болсын!
15 желтоқсан 2022
Құттықтау