Атырау қаласында Қазақстандағы ең ауқымды зияткерлік спорт жобаларының бірі – III «Senat Open – 2026» шахмат турнирінің облыстық финалдық кезеңі салтанатты түрде басталды. Биылғы додаға өңір бойынша іріктелген 130-дан астам шахматшы қатысып, үздік 35 ойыншы Ақтау қаласында өтетін республикалық жартылай финалға жолдама алу үшін бақ сынауда.