Жандай Сана Шайханқызы 1975 жылы 06 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Тұрмыста, 4 бала тәрбиелеп отыр, көп балалы ана мәртебесіне ие.
Жандай Сана Шайханқызы 1992 жылы Қарағанды қаласындағы № 52 орта мектепті бітірді. 1992-1996 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті экономика факультетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша білім алып, «экономист» квалификациясын иеленді. 2019-2021 жылдары Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының (РХШжәнеМҚА) «Аймақтық менеджмент» мамандығы бойынша Master of Business Administration (MBA) дәрежесіне ие болды.
Еңбек жолын 1992 жылы бастады, жалпы еңбек өтілі 30 жыл. Осы уақыт аралығында келесі ұйымдарда жұмыс істеді:
1992-1993 жылдары - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде жалпы физика кафедрасының лаборанты.
1994-1997 жылдары- Қарағанды қаласы Ленин ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бактериологиялық зертханасының санитары.
1997 жылы сәуір-шілде айларында - «Интер-РАМ» бірлескен кәсіпорнының, өндірістік кооперативінің бас бухгалтері.
1997 жылдың мамыр айынан бастап өз бизнесін ашты, жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік бойынша жұмыс істеді.
05.03.2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ADANAZ» жеке өндірістік компаниясының құрылтайшысы және директоры. Компания Қазақстанның қағаз нарығына әртүрлі қағаз түрлерін жеткізеді және қағаз пакеттер мен қолдану аясы кең қаптар шығарады.
06.08.2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан-Герман бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы» ҚБ директоры.
2019 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін - Наурызбай ауданының «Бақытты Отбасы» көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік орталығының басшысы.
Қоғамдық қызметті 2017 жылдан бастап Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде бастады.
Қоғамдық қызмет кезеңінде мынадай қауымдастықтарға, комиссияларға, партияға мүшелігі бар:
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР қаптаушылар қауымдастығының мүшесі;
2017-2018 жылдары - ҚР іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі;
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан-Герман бағдарламасы түлектерінің қауымдастығының мүшесі;
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «АMANАT» партиясының мүшесі (2020 жылғы желтоқсанда праймериз нәтижелері бойынша партияның резервтік тізіміне кірді);
2021-2022 жылдары - екінші сайланған Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі;
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «АMANАT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі.
2022 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
С.Ш. Жандай Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың алғыс хаттарымен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
Белсенді қоғамдық және кәсіпкерлік қызметі үшін еңбек сіңірген наградалары, алғыс хаттары, грамоталары бар:
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
* «Халық алғысы» медалі;
* «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» медалі;
* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы сайлау алдындағы науқанға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаты;
* 2021 жылғы сайлау алдындағы науқанға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласының әкімі Б.Ә.Сағынтаевтың Алғыс хаты;
* Аудан өміріне белсенді қатысқаны және жеке үлесі үшін Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі С.А.Тоғаевтың Алғыс хаты;
* Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаты;
* ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Л.Рамазанованың Алғыс хаты;
* 2014 жылы Латвияда өткен Бүкіләлемдік хор олимпиадасының лауреаты.;
* 2015 жылы Fiestalonia халықаралық музыкалық байқауының II дәрежелі лауреаты;
* 2015 ж. «Қанатты Әйел-8» көрмесінің «Өндірістегі әйел» номинациясы бойынша жеңімпаз Дипломы.