Мәслихат (жергілікті өкілді орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
| Мекен-жайы | индекс 040100 Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Желтоқсан көшесі 5В |
| Кеңсе | 8(7283) 21941, 21030 |
| B.Suleimenov@zhetysu.gov.kz | |
| Сенім телефоны | 8(7283) 21941 |
| Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлға | 8(7283) 21321 сот 87758500247 |
| A.Sabitov@maslihat.aksu.zhetysu.gov.kz |