Аудандық мәслихаттың
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 63-267 шешімімен бекітілген
Ақсу аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған
Ж Ұ М Ы С Ж О С П А Р Ы
Ақсу аудандық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.
Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отырып, Ақсу аудандық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:
- ауданның ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді инновациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;
- аудандық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;
- аудандық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;
- тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;
- заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;
- қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.
2026 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:
І. Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер
І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
ІV тоқсан
ІІ. Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия
I тоқсан
II тоқсан
1.2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
2.Ақсу ауданы ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы
III тоқсан
1.Ауданда полиция учаскелік инспекторларының аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмыстары туралы
IV тоқсан
ІІІ. Экономикалық және аймақтық даму, өндіріс салалары, аграрлық – экологиялық кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:
І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
1.Аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы туралы
ІVтоқсан