Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғат қорғау жобалары бөлімінің басшысы (D-O-3 санаты, 1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысының әкімдігі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Қоршаған орта
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану

Функционалды міндеттер

Басқарма басшысының басшылығымен бөлім жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді. қоршаған ортаның жай күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландырудың тұрақты жүйесін қалыптастыру болып табылады; қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі іс-шаралар және олардың тиісті аумақтарда іске асырылуы көзделетін бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзірлеуді ұйымдастырады; табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыру және бақылау жасау үшін табиғат қорғау мен ресурстар сақтауға арналған қаражат бөлу жоспарын қалыптастырады және бекітеді; табиғатты қорғау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады; өз құзіреті шегінде табиғатты қорғау іс-шараларына бөлінген ақша қаражатының мақсатты және толық пайдалануын бақылайды; Маңғыстау облысы бойынша Каспий маңы өңіріндегі экологиялық жағдайын зерделеу, талдау және болжамдау жөніндегі жұмыстарын жүргізеді; облыс әкімі бекітетін стратегиялық жоспарын және Маңғыстау облысының өңірлік даму бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысады; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздемелерін дамыту және жетілдіру жұмыстарына қатысу; өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi; жоғары органдарға анықтамалар, хаттар, есеп беру және анықтамаларды әзірлеуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.09.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.09.2023 – 08.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ, мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7292) 462111 /1103/