ЕЛ АЗАМАТТАРЫ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА

ЕЛ АЗАМАТТАРЫ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастауымен және өңірдегі барлық спорт мектептері басшыларының қолдауымен маңғыстаулық спортшы азаматтар қазіргі таңда емханаларда орындардың жетпей жатқандығына байланысты Ақтау қаласының 1-шағын ауданындағы теннис орталығын науқастарды оңалту орталығына (провизорлық орталық) айналдыру жұмыстарының ұйымдастырылуынабелсенді көмек көрсетті.
Ақтау қаласы басындағы барлық спорт мектептерінің басшылары әркім шамалары келгенше азғантай болса да қаражатпен көмектесті."Көп түкірсе көл",-дегендей, жиналған қаржыға:
400шт қол жуатын иіс сабын,
200 кір сабын,
100 шт баклашкадағы сығынды иіс сабын,
100 кг кір жуатын порошок "Тайд",
19 литрлік ішетін судан 30 шт,
Қол сүртетін орама үлкен салфеткадан 200 пачка,
қол сүртетін кішкене салфеткадан 200 пачка,
әжетхана қағазынан 400 шт,
көп қолданатын 200 пластмасс стакан сатып алынды. Қосымша розетка, кабель тоқтары жөнделіп, қалыпқа келтірілді. Бұдан бөлек екі күн бойы теннис орталығының ішіне 130 ға жуық кереуеттерді, тумбочкаларды әкеліп оларды түнімен жүріп құрып, матрас төсектерін жайып, ішінің барлық тазалық жұмыстарын реттеуге Облыстық спорт басқармасының спортшылары атсалысты. Соның ішінде “Жас батыр” спорт мектебі,Теннис орталығы, «Маңғыстау-Арена» спорт мектебі, Ақтау қалалық спорт мектебінің қызметкерлеріне ерекше рахметімізді айтамыз!
Ізгілік шаралардың басы-қасында жүргендер: Нұрбек Қарабалаев,Талғат Есекенов, Бисекенов Манарбек, Досов Болат, Нұрбол Халиманов сынды азаматтар.
Осындай еліне, халқына жанашырлық танытып, қолдау білдіретін азаматтардың болғанына ризашылығымызды білдіреміз.
Қазіргідей қиын сәтте дәрігерлерге қол көмек көрсетем, қолдау білдіремін деген волонтерлер қауымын ақ желеңді абзал жандар қуана-қуана қарсы алады. Сырқаттарға көмек беру, жағдайын жасап, уақытылы ем шараларын алуына жәрдемдесу және т.б. дәрігерлерге қолқабыс көрсету ісінің атқарылуына еріктілерден құрылған топтар жәрдемдессе, артық болмас еді. Елді жайлаған сырқаттан құтылуға бәріміз бірдей атсалысып, бір-бірімізге қолдау таныта отырып, көмек қолын созсақ қана жұмылған жұдырықтай бірлесе әрекет етудің нәтижесінде жетістікке жетеріміз анық.
Бірге әрекет етіп, көмек қолымызды созудан тартынбайық, құрметті еріктілер қауымы! Сіздерді ерлік танытып, дәрігерлер қауымына көмектесуге шақырамыз! Әрине, науқастармен байланысудың да өзіндік қаупі бар екенін түсінеміз, алайда, Отаным, елім, өз халқымның амандығы үшін дәрігерлерге жәрдем беруге дайынмын дейтін жандар болса, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбектің +7701323 0737 телефонына хабарласу арқылы еріктілер тобына жазылуға болатынын қаперіңізге береміз.
Еріктілерге кішігірім болса да еңбекақы қарастырылады.