Ақтауда тұңғыш Президенттің құрметіне арналған флешмоб өтті

Ақтауда тұңғыш Президенттің құрметіне арналған флешмоб өтті

20 наурызда 300-ге жуық қала тұрғыны "Біз Елбасымен біргеміз!" атты флешмобқа қатысты. Акцияға қатысушы - жастар, мұғалімдер, дәрігерлер, ҮЕҰ, құрылыс және мұнай компанияларының  өкілдері, этномәдени бірлестіктер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа деген  махаббаты мен ризашылықтарын білдіру үшін 15 шағын ауданның жағалауындағы амфитеатрға жиналды.

Флешмоб барысында жастар: әріптерден Елбасы, Маңғыстау, Қазақстан сөздерін құрады. Содан кейін, жастар Тұңғыш Президентке құрмет ретінде аспанға Қазақстанның жалауын көтерді. Сонымен қатар, ондаған адам аумағы 40 шаршы метрді құрайтын  ең үлкен туды алып, жүріп өтті.

Ақтау тұрғындары Елбасына деген қолдаулары мен ризашылықтарын білдірді.

«Тұңғыш президент тек біздің облыс үшін ғана емес, бүкіл ел үшін  қолынан келгенін аямады, ал қазір біз шын мәнінде ұлы деп атауға болатын білімді ұлтқа айналдық. Сондай - ақ, біздің елді оның арқасында ұлы деп атауға болады», - деді флешмобқа қатысушы Артем Чигин.

«Халқымыз  бейбіт елде өмір сүріп жатқаны үшін, жаасған бар жақсылықтары үшін  Президентке  алғысымызды жеткізгімізі келеді. Қазір біздің елімізді әлемдік аренада жақсы таниды. Сондай-ақ, жастар үшін көп нәрсе жасады деп есептеймін. Бізде қазір оқып, шет елде  білім алуға барлық жағдай жасалған», - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Әлия Шарипова.