Меню

Страницы

Статья

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ 8 ЖЕЛТОҚСАНЫ КҮНІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ (ӨКІЛДЕРІ) ҚАТЫСУЛАРЫМЕН ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының  отырысы

  Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы  2020 жылдың 8 желтоқсаны күні облыс аумағындағы саяси партиялар филиалдарының басшылары (өкілдері)  қатысуларымен отырыс өткізді.

  Отырысқа саяси партиялардан  - «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы, «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы,  «Адал» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалыдарының басшылары  (өкілдері) қатысты.

  Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары И.Сағынбаев отырысты кіріспе сөзбен ашты.

  - Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 439  Жарлығының негізінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалды.

  Сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру әдістерінің бірі сайлау алдындағы жария пікірсайыстар өткізу болып табылады.

 Өңірлерде саяси партиялардың телеарна арқылы өтетін пікірсайыстарын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастырады.

 Сайлау комиссиялары пікірсайысты ішкі саясат басқармаларымен бірлесіп ұйымдастыруы тиіс және атап өту қажет, бүгінгі таңда өңірлерде өтетін пікірсайыстар үшін арнайы қаржы бөледі.

 Бұл пікірсайыстар өңірлік деңгейде алғаш рет өтетін болады. 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар телевизиядағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.

 Пікірсайыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру үшін функционалды және техникалық мүмкіндіктерін, сондай-ақ аудиторияны барынша қамтуын ескере отырып тиісті жергілікті теледидар арнасын анықтау үшін біздердің атымыздан облыстық ішкі саясат басқармасына хат жолданды.

 Саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарын өткізу регламентінің жобасын жергілікті телеарна әзірлейді және келісу үшін біздерге жолдайды.

 Регламент жобасы теледебатқа қатысушылардың жалпы талаптарын, сөз сөйлеу кезектілігін, өткізу тілі мен ұзақтығын, сондай-ақ раундтардың саны мен әрбір раундтың тақырыптарын көздеуі тиіс екендігін айтып өтті.

  Комиссия отырысының шешімімен:

  1. Саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстары жергілікті теледидар арнасы әзірлеген регламент жобасымен «Маңғыстау» телеарнасының эфирінде 24 желтоқсан күні өткізу;
  2. Ішкі саясат басқармасы мен телеарна басшылығына пікірсайыстың жүргізілу регламентін ұсынуды сұрау;

 3.Саяси партия басшыларына пікірсайысқа қатысатын сөйлеушілердің тізімін ұсыну;

  1. Пікірсайыстың өтетін күні, регламенті саяси партия өкілдеріне, «Маңғыстау» телеарнасына таныстыру ұсынылды.

Отырыс соңында саяси партиялар филиалдарының басшылары да (өкілдері) өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Дата публикации
08 декабря 2020
Дата обновления
08 декабря 2020
Тип
Объявление

Сейчас читают

26 августа 2026
Информация
29 июля 2026
Рыбное хозяйство
Информация
29 июля 2026
Молодежная политика

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter
youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы