СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 4) тармақшасында «Мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін» делінген. Алайда төменгі тұрған лауазымда екі жылдан астам еңбек өтілі бар тұлғалар 2 немесе оданда көп болған жағдайда олардың қайсысын жоғарғы лауазымға ауыстыруды тікелей басшысы ғана шешеді. Осы жағдайда қалған тұлғалардың құқықтары елеусіз қалуы мүмкін |
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 4) тармақшасына тиісті өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
Хат |
уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
2024 жылғы 10 тамыз |
|
2 |
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 32-бабының 2-тармағының 13-тармақшасында материалдық мәдени құндылықтарға «Кез келген негіздегі және кез келген материалдан жасалған қол жұмысының полотнолар, картиналар және суреттер түріндегі көркем құндылықтары» жатады делінген. Осыған байланысты жергілікті суретшілердің салған суреттері, полотналары мәдениет құндылықтары категориясына жатады. Заңның 35-бабының 1–тармағына сәйкес мәдениет құндылықтарын шет елге алып кетуге тиым салынады делінген. Түскен өтініштерді қарау басқарманың құзіретінде қарастырылмаған. Басқарма жанындағы Мәдени құндылықтарды шетелге уақытша әкетуге куәлік беру комиссиясы тек қана уақытша 6 айдан аспайтын мерзімге ғана куәлік береді. Соңғы жылдары осы мәселе жергілікті суретшілердің наразылығын тудыруда. |
Тиісті Заң мен бұйрыққа өзгерістер енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
Хат |
уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
2024 жылғы 10 тамыз |
|
3 |
Монументтік өнер құрылыстарын орнату Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті органның жанынан құрылған комиссияның оң қортындысына сәйкес жүзеге асырылады делінген. Басқармамен 27.04.2023 жылы №05-10-1462 хатымен ескерткіштер орнату бойынша ұсыныстар жіберілді. Мәдениет және спорт министрлігінің 02.06.2023жылғы №14-03-18/13056 хатына сәйкес «монументтік өнер құрылыстарын орнату мәселесі 2023-2025 жылдарға арналған монументтік өнер құрылыстарын орнату бойынша өңірлер бөлінісіндегі Арнайы жоспармен қарастырылған шаралар аясында жүргізіледі. Осы орайда, аталған ескерткіштерді орнату көрсетілген жоспарға енгізілуі қажет делінген. Алайда жоғарыда аталған заң нормасында ұсыныстарды арнайы жоспарға сәйкес орнату көзделмеген. |
Тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
Хат |
уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
2024 жылғы 10 тамыз |