СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарының бұзылуы |
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізу |
Хаттама немесе өткізілген жиналыс сілтемесі |
|
2024 жылғы қазан |
|
2 |
Өтініштер мен шағымдардың көбі мемлекеттік тапсырыс аясында тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп отырған жеке меншік медициналық мекемелер қызметкерлерінің іс-әрекетіне байланысты. Бұл жеке меншік мекемелер Басқармаға бағынбайды, осыған байланысты шағым, арыз негізінде тексеріс жүргізіп шара қабылдау мүмкіндігі жоқ. Ал «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес 3 жұмыс күн ішінде құзырына қарай жолдау кедергі келтіріп тұр. |
Уәкілетті мемлекеттік органға Е-өтініш ақпараттық жүйесін мемлекеттік тапысырыс аясында халыққа медициналық көмек көрсетіп отырған жеке меншіктегі медициналық ұйымдарға енгізуді міндеттеу бойынша ұсыныс жолдау |
Хат |
Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау |
2024 жылғы қыркүйек |
|
3 |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығының талаптарын бұзу |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу бойынша уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
Хат |
Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау |
2024 жылғы қыркүйек |
|
4 |
Дәрігер мамандардың тапшылығын жою мақсатында 536 дәрігерге негізгі жұмыстарына үстеме ақы белгіленген. Медициналық мекемедегі персоналды басқару жүйесі бағдарламасында 1,75 бірлікті енгізу рұқсат етілген, осыған орай медициналық мекемелерде 1,75 бірлігімен бюджеттен жалақы алып отыр. Ал Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде 1,5 бірліктен, яғни негізгі қызметіне 1 бірлікке, қосымша тек 0,5 бірлік рұқсат етілген. Осылайша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары бұзылған. |
Медициналық мекемедегі персоналды басқару жүйесі бағдарламасында рұқсат етілген 1,75 бірлікті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарымен сәйкестендіру бойынша уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
Хат |
Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау |
2024 жылғы қыркүйек |
|
5 |
«Қайтыс болуы туралы медициналық куәлік» № 045/е нысанын ала алмай жүрміз деген Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы (бұдан әрі – Басқарма) қызметкерлерінің іс-әрекетіне телефон арқылы шағымдар болады. Арухана басшылығына жүгінсек даладан ес түссіз қандайда бір жарақатпен түскен науқас, өзіне келместен, алған жарақаты негізінде қайтыс болып кетсе, тумаластары сот сараптама қызметінен бас тартса Аурухананың беруі дұрыс емес деп пайымдайды.«Қайтыс болуы туралы медициналық куәлік» № 045/е нысанын Аурухана қай кезде береді: егер науқастың ауруы белгілі болып, ол диспансерлік есепте тұрса, емделіп жатып қайтыс болып кетсе ғана.Ал, қандайда бір белгісіз жағдайда алған жарақаттан естүссіз ауруханаға түсіп қайтыс болып кетсе (бұрын ауырмаған, диспансерлік есепте тұрмаған адам) және тергеушілердің берген сот сраптамасынан бас тарту қаулысы немесе анықтамасы негізінде № 045/е нысанын аурухана беретін болса қылмыстық құрам жасырылынып қалуы мүмкін. |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына толықтыру енгізу бойынша ұсыныс жолдау |
Хат |
Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау |
2024 жылғы қазан |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 8 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізілген деген сөз алынып тасталған соң мемлекеттік тапсырыс бойынша халықты бекітудің оңай жолы Басқарманың бұйрығы бойынша ашылатын жеке меншік медициналық мекемелерді қадағалау қиындық тудыруда. Сонымен қатар Басқарма тек қана жазбаша хабарлама аясында бұйрық береді деген, яғни құжаттарын немесе оның ғимаратының жаңа объект екенін тексеру, лицензия бар жоғын анықтау деген құзырет көрсетілмеген (SMA медициналық клиникасының ғимараты құжаттарының болмауы, 14.08.2023 жылғы бұйрық № 238). Бұл өз кезегінде ашылған жеке меншік медициналық мекеменің Басқармамен келісіп тиісті халықты бұрйықпен алуға мүмкіндік жасап, өз кезегінде тәуекел тудыруы мүмкін. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 және 2022 жылғы 8 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрықтарына өзегеріс енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау |
Хат |
Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау |
2024 жылғы қыркүйек |