Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

 

         

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1. Маңғыстау облысының білім басқармасы

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығында (бұдан әрі - № 338 бұйрық):

1- Параграф. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы

9. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

      немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

Біліктілікке қойылатын талаптағы немесе сөзі, қойылатын біліктілік талаптағы сөйлемдерді сәйкестендірмейді, аталған тармақтың қазақша редакциясы орысша редакциясына сәйкес келмейді.

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы тамыз

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығында Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы

48. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

Біліктілікке қойылатын талаптағы немесе сөзі, қойылатын біліктілік талаптағы сөйлемдерді сәйкестендірмейді, аталған тармақтың қазақша редакциясы орысша редакциясына сәйкес келмейді.

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы тамыз

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығында

1-Параграф. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы.

9. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл.

Соңғы үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі көрсетілмеген.

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы тамыз

4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығында

осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Тармақта қызметті өткерудің кезеңі жазылмаған (бұрын жасаған немесе қазіргі таңда қызмет атқарып жатырған).

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы тамыз

5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» № 83 бұйрығы (бұдан әрі - № 83 бұйрық):

48. Біліктілікке қойылатын талаптар: осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Аталған тармақта 2,3-абзацтар анық көрсетілмеген.

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы тамыз

6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» № 83 бұйрығы

139. Білім беру ұйымдарының басшылары міндетті аттестаттау кезінде тиісті деңгейдегі комиссияға немесе ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

23 қосымшада көрсетілген өтініш үлгісі сәйкес келмейді.

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы тамыз

2. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

7

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарының бұзылуы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізу

Хаттама немесе өткізілген жиналыс сілтемесі

 

2024 жылғы қазан

8

Өтініштер мен шағымдардың көбі мемлекеттік тапсырыс аясында тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп отырған жеке меншік медициналық мекемелер қызметкерлерінің іс-әрекетіне байланысты.

Бұл жеке меншік мекемелер Басқармаға бағынбайды, осыған байланысты шағым, арыз негізінде тексеріс жүргізіп шара қабылдау мүмкіндігі жоқ. Ал «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес 3 жұмыс күн ішінде құзырына қарай жолдау кедергі келтіріп тұр.

Уәкілетті мемлекеттік органға Е-өтініш ақпараттық жүйесін мемлекеттік тапысырыс аясында халыққа медициналық көмек көрсетіп отырған жеке меншіктегі медициналық ұйымдарға енгізуді міндеттеу бойынша ұсыныс жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

9

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығының талаптарын бұзу

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу бойынша уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

10

Дәрігер мамандардың тапшылығын жою мақсатында 536 дәрігерге негізгі жұмыстарына үстеме ақы белгіленген. Медициналық мекемедегі персоналды басқару жүйесі бағдарламасында 1,75 бірлікті енгізу рұқсат етілген, осыған орай медициналық мекемелерде 1,75 бірлігімен бюджеттен жалақы алып отыр. Ал Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде 1,5 бірліктен, яғни негізгі қызметіне 1 бірлікке, қосымша тек 0,5 бірлік рұқсат етілген. Осылайша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары бұзылған.

Медициналық мекемедегі персоналды басқару жүйесі бағдарламасында рұқсат етілген 1,75 бірлікті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарымен сәйкестендіру бойынша уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

11

«Қайтыс болуы туралы медициналық куәлік» № 045/е нысанын ала алмай жүрміз деген Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы (бұдан әрі – Басқарма) қызметкерлерінің іс-әрекетіне телефон арқылы шағымдар болады. Арухана басшылығына жүгінсек даладан ес түссіз қандайда бір жарақатпен түскен науқас, өзіне келместен, алған жарақаты негізінде қайтыс болып кетсе, тумаластары сот сараптама қызметінен бас тартса Аурухананың беруі дұрыс емес деп пайымдайды.

«Қайтыс болуы туралы медициналық куәлік» № 045/е нысанын Аурухана қай кезде береді: егер науқастың ауруы белгілі болып, ол диспансерлік есепте тұрса, емделіп жатып қайтыс болып кетсе ғана.

Ал, қандайда бір белгісіз жағдайда алған жарақаттан естүссіз ауруханаға түсіп қайтыс болып кетсе (бұрын ауырмаған, диспансерлік есепте тұрмаған адам) және тергеушілердің берген сот сраптамасынан бас тарту қаулысы немесе анықтамасы негізінде № 045/е нысанын аурухана беретін болса қылмыстық құрам жасырылынып қалуы мүмкін.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.  2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына толықтыру  енгізу бойынша ұсыныс жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қазан

12

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 8 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізілген деген сөз алынып тасталған соң мемлекеттік тапсырыс бойынша халықты бекітудің оңай жолы Басқарманың бұйрығы бойынша ашылатын жеке меншік медициналық мекемелерді қадағалау қиындық тудыруда.

Сонымен қатар Басқарма тек қана жазбаша хабарлама аясында бұйрық береді деген, яғни құжаттарын немесе оның ғимаратының жаңа объект екенін тексеру, лицензия бар жоғын анықтау деген құзырет көрсетілмеген (SMA медициналық клиникасының ғимараты құжаттарының болмауы, 14.08.2023 жылғы бұйрық № 238).

Бұл өз кезегінде ашылған жеке меншік медициналық мекеменің Басқармамен келісіп тиісті халықты бұрйықпен алуға мүмкіндік жасап, өз кезегінде тәуекел тудыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 және 2022 жылғы                             8 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрықтарына өзегеріс енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

3. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы

13

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысының 39 тармағына сәйкес «Конкурстық комиссия мүшелері мәлімдеген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды» Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды»,- делінген. Алайда, конкурстық комиссияда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі сақталмағаны анықталды. Кәсіпкерлермен өтінім құжаттары  15-28 маусым аралығында қабылданған. Басқармамен конкурстық комиссияда кәсіпкерлермен өтінімдер жобалары 6.07.- 9.07.2023 жыл аралығында қорғалған. Жоба қорғаған күннен бастап конкурстық комиссия 5 жұмыс күн ішінде электрондық хаттамаға қол қою тиіс. Комиссия отырысында 06.07.2022 жылы қаралып, комиссия мүшелерімен 3 жұмыс күнге кешіктіріліп, 12.07.2022 жылы қол қойылған. Осындай бұзушылықтар саны 53 өтінімде көрсетілген.

«Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу барысында конкурстық комиссия мүшелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізу

Хаттама

 

Жыл ішінде

14

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының «2-параграф. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі 39. Өңірлік үйлестіруші веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижесі бойынша:

1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді; делінген. Алайда, өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігі және 53 жеңімпаз кәсіпкерлердің арасында келісімшарттар 24 жұмыс күніне кешіктіріліп жасалған.

Мемлекеттік қызмет беруші қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарына жолдансын және/немесе жоғары  тұрған органдардан тағылымдамадан өткізу

Анықтамалық ақпарат

 

Жыл ішінде

15

2023 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарына 56212591 лоты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы персонал/қызметкерлерді оқыту қызметі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының  39-баптың 3-тармағы 45 тармақшасы негізінде «көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған мемлекеттік сатып алулар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген кезде көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу» тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» 113 850,0 теңге сомасына тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен қызмет берушіге келісімгарт жолданған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 18.05.2023 жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламасына сәйкес «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабы 4 тармағы 1 тармақшасына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының  41 бабы 1 тармақшасы негізінде  «Осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзеге асырылады» осы баптың 5 тармағында «Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады» делінген.

Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру:

      1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

      2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;

      4) мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы;

      5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;

      6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;

      7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

      8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      9) сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді».

Осы заңның 41 бабы 3 тармағында «Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті.

      Есепте мыналар қамтылуға тиіс:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер;

      2) осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесі;

      3) өнім берушіні таңдау негіздемесі;

 4) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары»делінген.

2023 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарына 56212591 лотын зерделей отырып, тапсырыс беруші аталған лотты сатып алу кезінде негіздеме файлына Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңын негізге алған. Бұл  осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесіне сәйкес келмейді.  Осы себепті жоғарыда аталған лотты мемлекеттік сатып алу заң бұзушылық тәуекеліне әкеледі.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жыл сайынғы өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік сатып алу қызметімен айналысатын маманға заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізсін, біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарына жолдау

Анықтамалық ақпарат

 

Жыл ішінде

4. Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

16

Басқарма ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен жер қойнауын қолданушылардың әлеуметтік инвестициялық жобаларын іске асыру бекітілген. Аталған әлеуметтік инвестицилық жобалар Маңғыстау облысының әкімдігі және «Норт каспиан оперейтинг компани Н.В.» арасындағы келісімге сәйкес жүргізіледі.

Алайда аталған келісімде немесе бөлек арнайы нормативтік құқықтық актпен Әкімдіктен Басқарма тарапына басқару ұйымдастырушылық қызмет тапсырылмаған. Келісімде бірқатар жемқорлық тәуекелдері анықталған.

Атап айтқанда келісімнің 2.2. тармағының 4 тармақшасына сәйкес «Жобалаушы мекеме авторлық қадағалау жүргізбейтін жағдайда Әкімдік авторлық қадағалауды жүргізетін тұлғаны анықтайды» деп айқындалған.

Сонымен қатар 5 тармақшасына сәйкес «Әкімдік компаниямен мақұлданған жағдайда техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін тұлғаны айқындайды» деп көрсетілген.

Одан бөлек 5.1. тармағының 6 тармақшасына сәйкес Әкімдік «Талаптарға сәйкес жұмыстарды орындауға қабілетті әлеуетті қазақстандық мердігерлердің тізбесін ұсынады» делінген.

Жоғары көрсетілген тәуекелдер құқықтық нормаларына сәйкес емес деп танылады. Мемлекеттік орган тапсырыс беруші тарапы есебінде  сатып алулар тек мемлекеттік «www.goszakup.gov.kz» сайты арқылы жүргізу тиіс.

Жер қойнауын қолданушылардың әлеуметтік инвестициялық жобаларын іріктеу бойынша Әкімдік жанынан комиссия (бірқатар аудан және қала мәслихаттарының депутаттарымен қоса қоғамдық келісімнің азаматтарын) құру.

Өкім

 

2024 жылғы қыркүйек

5. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

17

Тапсырыс беруші Басқармаға құрылыс монтаж жұмыстарын бастағандығы жөнінде хабарлама elicense.kz базасы арқылы жолдаған кезеңінде, техикалық және авторлық қадағалаушылармен келісім шартынсыз яғни, ешқандай да техикалық және авторлық қадағалаушылардың хабарынсыз   жолданады.        Басқармамен кемшіліктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаушылардың келісімінсіз (рұқсатынсыз) сараптамаға жазылып кеткен жағдайлар орын алуда.

elicense.kz база жүйесіне техикалық және авторлық қадағалаушылармен келісім шартын көрсету және тапсырыс берушінің хабарламасына тиісті жауаптың жеке ұялы байланыс нөміріне жолдану

функцияларын қосу бойынша уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

18

Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу «ИИС ЦОН АРМ ГО» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      Бірақ та бұл  ақпараттық жүйенің бірқатар кемшіліктері бар.

      Біріншіден, Объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің жүйеде сақталу мерзімі 1 жылға жетпейді. Бұл жайт алдағы уақытта 1-2 жыл бұрын қабылданған құрылыс нысандарын іздеу кезінде қиындық туғызады. Сол үшін құжаттардың сақталу мерзімін ұлғайту керек деп есептейміз

       Екіншіден, алу «ИИС ЦОН АРМ ГО» АЖ-нің қорғаныс жүйесі нашар. Атап айтқанда, бұл жүйеге жұмыс орнында немесе сырттағы әрбір компьютерден интернет желісі арқылы ашылып,  жұмыс жасай алады. Бұл ақпараттық жүйені кез келген адам жүйені бұзып, өзіне керекті өзгерістер еңгізіп, теріс мақсатта пайдалану қаупі бар.

«ИИС ЦОН АРМ ГО» ақпараттық жүйесінің қорғалуын және енгізілген құжаттардың тұрақты сақталуын қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

19

Басқарма ресми сайтындағы (gov.kz) мәліметтерді басқа (easy project, мемлекеттік органдардың интранет порталында (IPGO) орналасқан кітапхана, ашық диалог т.б.) жүйелеріне қайталана Басқарманың қызметі туралы есептерін салу талап етіледі. Бұл өз кезеңінде жұмысты қайталау арқылы жоғарда айта кеткендей қызметкерлердің жұмысының ауқымды болуына сәйкес, уақыт тапшылығына, сонымен қатар сапаға әсер етеді

Ақпараттық жүйелерді (gov.kz, easy project, мемлекеттік органдардың интранет порталында (IPGO) орналасқан кітапхана, ашық диалог т.б.) біріктіру бойынша уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

 

Дата публикации
06 сентября 2024
Дата обновления
06 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
26 августа 2026
Информация
29 июля 2026
Рыбное хозяйство

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter
youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы