Об утверждении календарного плана основных мероприятий по Мангистауской области по подготовке и проведению внеочередных выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан, назначенных на 29 ноября 2026 года

13 қазан 2026 жыл

№37  Ақтау қаласы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Маңғыстау облысы бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына сәйкес Маңғыстау облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Маңғыстау облысы бойынша негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сайлау комиссияларына тиісті Күнтізбелік жоспарларға сәйкес жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын.
3. Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілсін.
4. Осы қаулы Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Е. Абилов

Дата публикации
13 октября 2026