«Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» коммуналды мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мемлекеттік коммуналдық мүлікті ұстау және жергілікті өкілді, атқарушы және мемлекеттік органдардың жабдықтау функцияларын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік мүлікті пайдалану және ұстау, жабдықтау функцияларын орындау, сондай-ақ жергілікті өкілді, атқарушы және мемлекеттік органдарға Көліктік қызмет көрсету болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
мемлекеттік коммуналдық меншіктегі ғимараттарды пайдалану және күтіп ұстау;
жергілікті өкілді, атқарушы және мемлекеттік органдарға қызмет көрсету үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің жедел басқаруына мекеме берген автокөлік құралдарын пайдалану және ұстау;
жабдықтау функцияларын орындау (жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге, конференцияларға және басқа да арнайы іс-шараларға қызмет көрсету, сондай-ақ ресми делегацияның, облыс қонақтарының қабылдауларының кездесулеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру).