Меню

Страницы

Статья

Жармыш ауылы көшелеріне атау беру бойынша

Ауыл әкімі аппаратының фейсбук парақшасында және жергілікті баспасөз "Жаңа өмір" газетінде Жармыш ауылының көшелеріне атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің (ауыл тұрғындарының) жиналысы өтетіні туралы хабарланған болатын. Үстіміздегі жылдың 10 шілдесі күні жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті.

 Күн тәртібі

  1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Жармыш ауылының көшелеріне соғыс ардагерлері Рзаханов Бихастың, Еділханов Бекқожаның, Құрақов Балтабайдың Итемгенов Бақтығұлдың, Бөлекбаев Нармұханбеттің атағын беру;
  2. 2. Қазіргі таңда «Мекенжай тіркелімі » ақпараттық жүесінде тұрған, бейресми түрде Сүгір көшесі аталып жүрген жоғарғы көшеге танымал тарихи тұлға, қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосқан ақын, жыршы-термеші, сазгер Сүгір Бегендікұлының атағын беру .    

Тыңдалды.

Жармыш ауылының әкімі З.С.Әнуаров соғыс ардагерлері Рзаханов Бихастың, Еділханов Бекқожаның, Құрақов Балтабай Жолдасбайұлының, Итемгенов Бақтығұлдың, Бөлекбаев Нармұханбеттің өмірі, соғысқа қатысуы, көрсеткен ерліктері мен наградалары, соғыстан кейінгі еңбектері мен қызметтері туралы және Сүгір Бегендікұлы өмірі мен шығармашылығы туралы да барлық мәлімет, ақпараттарды айтып өтті.

Жиналысқа қатысушылар қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.

Қаулы

1. «Батыс» шағын ауданының 4 (төрт) көшесіне соғыс ардагерлері Рзаханов Биқастың, Құрақов Балтабайдың, Итемгенов Бақтығұлдың, Бөлекбаев Нармұханбеттің есімдері берілсін. 2. Сары тау етегіндегі жоғарғы көше Сүгір Бегендікұлының атына рәсімделсін. 3. Жармыш мектебінің қалыптасуына, білім саласын дамытуға ерен еңбек еткен соғыс ардагері Еділханов Бекқожаның есімін өзі ұзақ жыл қызмет жасаған Жармыш орта мектебіне беру ұсынылсын. 4. Осы хаттаманы тиісті органдарға жолдау «Жармыш ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.

Дата публикации
15 июля 2025
Дата обновления
15 июля 2025
Тип
Выступление

Сейчас читают

Выступление
16 июля 2025
Жасыл ел жұмыстары бойынша
Аналитическая статья
16 июля 2025
Жармыш ауылындағы ескі үйлерді бұзу бойынша
Выступление
15 июля 2025
Жармыш ауылы көшелеріне атау беру бойынша

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы