Маңғыстау облысында жолаушылар мен багажды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтерді белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі                    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысында жолаушылар мен багажды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтер белгіленсін.
  2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                                                                                          

Маңғыстау облысының әкімі

 

                   Н. Ногаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2022 жылғы «___»___________

№ ______ қаулысына қосымша

 

 

 

 

Маңғыстау облысында жолаушылар мен багажды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтер

 

 

№

Маршрут атауы

Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 

Жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде

1

2

3

4

1

«Ақтау – Атамекен – Ақтау»

80

140

2

«Ақтау – Қызылтөбе – Ақтау»

130

230

3

«Ақтау – Баянды – Ақтау»

100

170

4

«Ақтау – Басқұдық – Маңғыстау»

95

160

5

«Ақтау – Басқұдық – Ақтау»

70

120

6

«Ақтау – Батыр – Ақтау»

140

240

7

«Ақтау – Қызылтөбе 2 – Ақтау»

130

230

8

«Ақтау – Ақшұқыр – Ақтау»

120

210

9

«Ақтау – Сайын-Шапағатов – Ақтау»

150

250