Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығы.

4-параграф. Тасымалдаушыларға және ұсынылған құжаттарға қойылатын талаптар

      21. Тендерге қатысу үшін тасымалдаушы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) Қазақстан Республикасы шекарасында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы жеке кәсіпкер және заңды тұлға болып саналуы;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшін меншікті немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін жолаушы жылжымалы құрамының болуы.

      Бұл ретте үлгілері (жалпы, плацкарт, купе) бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 %, ал электр-, дизель поездар вагондарының саны – 100 % құруы тиіс;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешектерінің болмауы;

      4) тиісті әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының және/немесе нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік маңызы бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілдіктің болуы;

      5) 3 айдан артық уақытта Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және жалпы қолданыстағы үй-жайларға мүмкіндік алу жөніндегі қызметтерді және вокзалдарда соңғы 12 айға тендер өткізілген немесе шарт ұзартылған күннің алдындағы айдың бірінші күніне анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын басқа да теміржол ұйымдарының алдында берешегінің болмауы;

      6) Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерде ашылған есептер бойынша тендер өткізетін айдың алдындағы соңғы үш айға мәлімделген қатынаста көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай қаражаты айналымының болуы.

      Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен өткізілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендерге қатысушы тасымалдаушыларға осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар қарастырылмайды.

      22. Тендерге қатысу үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) тендерге қатысуға өтінім:

      заңды тұлғалар үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      жеке кәсіпкерлер үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуі туралы нотариалдық куәландырған куәліктің көшірмесі;

      3) тендерге мәлімделген лоттар бойынша меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тасымалдаушының вагондарын теміржол жолаушылар паркімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс:

      әлеуетті тасымалдаушылар үшін – осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      шарттық міндеттемелерді орындамауына, оның ішінде жолаушылар вагондары паркін жаңартуға байланысты осы әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша субсидиялау туралы шартпен бұзған тасымалдаушы үшін және оның еншілес ұйымдарына жолаушылар вагондарының пайдалану мерзімі 3 жылдан аспайтын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

      Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендер өткізген жағдайда осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің нотариалдық куәландырған немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған көшірмесі;

      5) қызмет көрсетудің бірінші жылының соңына дейінгі мерзімде ұсынылған тендерге мәлімделген, тасымалдаушының меншік құқығын немесе жолаушылар жылжымалы құрамын жалға алуын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырған көшірмесі;

      6) тендерге мәлімделген теміржол жолаушылар вагонына техникалық куәліктердің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімдерді қабылдаған соңғы күннің алдындағы бір айдан аспайтын жағдай бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      8) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лоттар бөлігінде жолаушыларды тасымалдаудың негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

9) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушыларды тасымалдауды дамытудың негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      10) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған деңгейі және бағаның жоғарылауының шекті деңгейінің негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      11) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      12) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын қызмет көрсеткен әлеуметтік маңызы бар маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтінім берген кезде нормативтік саны шектерінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік маңызы бар маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілді міндеттеме-хат;

      13) тасымалдаушымен Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және теміржол ұйымдарымен жалпы қолданыстағы ғимараттарға жолаушыларға рұқсат беру бойынша қызметтерді және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін басқа да теміржол ұйымдарының арасындағы соңғы 12 ай ішінде бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі.

      Берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған, мөрлермен бекітілген берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екіжақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;

      14) тасымалдаушыда банктан (тардан) ашылған есептер бойынша мәлімделген қатынаста бірінші жылда қызмет көрсетуге қарастырылған субсидия көлемінен тендер өткізетін айдың алдындағы соңғы үш айға мәлімделген қатынаста көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай қаражаты айналымының анықтамасы;

      15) осы Қағидалардың 7-параграфына сәйкес тендерге қатысу үшін өтінімдерді қамтамыз етуді растайтын құжат.

      Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен өткізілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендерге қатысушы тасымалдаушыларға осы тармақтың 4), 6), 9) және 13) тармақшаларында көрсетілген талаптар қарастырылмайды.

5-параграф. Құжаттарды ұсыну

      23. Тендерге қатысуға қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және осы Қағидалардың 21-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тендерлік өтініммен бірге уақытылы ұсынған, осы Қағидалардың 22-тармағында анықталған талаптарға сәйкес келетін тасымалдаушылар жіберіледі.

      24. Тендерге қатысу үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ішкі конверттегі тиісті данасына "түпнұсқа" немесе "көшірме" деп жазу арқылы ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті (екінші жағы) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.

      Бұл ретте банктік кепілдеме түпнұсқасы, оны тендерге қатысуға берілген өтінімді қамтамасыз ету үшін берілген болса, онда ол тігілмейді және бөлек конвертпен тендерге қатысуға талап етілетін құжаттармен бірге беріледі.

      25. Тендерлік өтінімде ешқандай түзетулер және өшірулер немесе басқа да қосып жазулар болмауы тиіс.

      26. Тасымалдаушы тендерлік өтінімді конвертке салып желімдейді, онда тасымалдаушының атауы мен мекенжайы көрсетіледі. Конвертте "ТҮПНҰСҚА" немесе "КӨШІРМЕ" белгілері қойылады. Осыдан кейін екі конверт бір сыртқы конвертке салынып жабылады.

      27. Конверттер тендерді ұйымдастырушыға:

      облысаралық қатынастар бойынша – "Шығыстары республикалық бюджеттен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсқа арналған тендерлік өтінім";

      облысаралық немесе ауданаралық (қалааралық) және қала маңы қатынастары бойынша – "Шығыстары республикалық бюджеттен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық немесе ауданаралық (қалааралық) және қала маңы қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсқа арналған тендерлік өтінім" деген белгілермен жіберілуі тиіс.

      28. Қатысушы тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, салынуы және ұсынылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендерді ұйымдастырушы (комиссия) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

      29. Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін өтінімдерге ешқандай өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      30. Тендерлік өтінімді бағалау кезінде есепке алу үшін тасымалдаушы тендерлік өтінімге қосымша мына құжаттарды беруіне болады:

      1) Ұлттық инфрақұрылым операторының Қазақстан Республикасы аумағында темір жол көлігімен тасымалдаушының бұрын жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау жөніндегі қызметті атқарғанын растайтын осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес үлгіде жасалған, мөрмен бекітіліп, бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы немесе Қазақстан Республикасы аймағы бойынша темір жол көлігімен жолаушылар тасымалы қызметін жүзеге асырған барлық кезеңдерде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушы шығыстарын субсидиялау туралы шарттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

      2) тендерді ұйымдастырушының атына қаржы институтының растау хатының және тасымалдаушының міндеттемелерін растау хатының түпнұсқалары немесе тасымалдаушы мен қаржы мекемесінің арасында жасалған шарттың түпнұсқасы, онда тасымалдаушы тендер жеңімпазы болып анықталған және онымен белгіленген тәртіпте субсидиялау туралы шарт жасалған жағдайда:

      қаржы институты жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу үшін тасымалдаушығы кредиттік қаржы беруге немесе сомасын (кредит немесе қаржы лизингісін), сыйақы мөлшерлемесін, мерзімін, ай сайынғы төлем графигін, сатып алынатын вагон саны мен түрлерін, вагон жасаушы зауытты, вагондарды тасымалдаушыға жеткізу графигін көрсету арқылы лизинг беруші болуға міндеттенеді. Қаржы институтының тасымалдаушыға кредиттік қаржы беру мерзімдері алты айдан, ал лизинг мәнін беру мерзімі онымен субсидиялау туралы шарт белгіленген тәртіпте жасасқаннан кейін он бес айдан аспауы тиіс;

      Тасымалдаушы жоғарыда көрсетілген жағдайларды есепке ала отырып, жаңа вагондарды сатып алу үшін кредиттік қаражат немесе қаржылық лизингті беруге қаржы институтымен жасалатын шартқа қол қоюға міндеттенеді.

      Бұл ретте тасымалдаушы мен қаржы институтының арасында жасалған шартқа қарыз ақшаны немесе қаржылық лизингті беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмесі қоса беріледі. Осы шартта тасымалдаушының жаңа вагондарды сатып алу және оларды тасымалдаушыға жеткізу мерзімі белгіленген тәртіпте онымен субсидиялау туралы шарт жасалғаннан кейін он бес айдан аспауы тиіс.

      3) тасымалдаушының тікелей вагон жасаушы зауыттан немесе өндіруші зауыттың өкілдері арқылы сатып алынатын жолаушылар вагондарының саны мен түрлері, тасымалдаушыға вагондарды жеткізу графигі көрсетілген жаңа вагондарды сатып алу шартының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі (бұдан әрі – сатып алу шарты). Сонымен қоса, осы құжатқа өндіруші зауыттың өкілдеріне нотариалдық куәландырған құқық орнатушы және сатып алу шарты сомасының он бес пайызын тасымалдаушымен төленгендігін растайтын құжаттардың түпнұсқасы ұсынылады. Осы шартта тасымалдаушының жаңа вагондарды сатып алу және оларды тасымалдаушыға жеткізу мерзімі белгіленген тәртіпте онымен субсидиялау туралы шарт жасалғаннан кейін 15 айдан аспауы тиіс.

     31. Осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген құжаттардың бар-жоғы тендер құжаттарын қайтаруға негіз болып табылмайды.

Жарияланған күні

27 қазан 2026 16:20

Жаңарту күні

27 қазан 2026

Түрі
Бағыттар