
Байбақтиева Ақбілек Тынышбекқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ол 1993 жылдан бастап әлеуметтік салада табысты еңбек етіп келеді. Көмекке мұқтаж жандармен тіл табыса білетін, психологиялық тұрғыда қолдау көрсететін, әріптестерімен де, қызмет алушылармен де жылы қарым-қатынаста бола алатын, өз ісінің шебері.Әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық кезеңдерін жақсы меңгерген, құжаттарды жүргізуде ұқыпты және кәсіби қызметкер, жұмысын кәсіби деңгейде орындайтын, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол маман. Ол әлеуметтік әлсіз топтарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, зейнеткерлер мен жалғызбасты азаматтарға тұрақты түрде көмек көрсетіп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ат салысып келеді. Ол қызмет барысында қызмет алушымен қарым-қатынаста сыпайы, түсіністікпен қарайды, әрбір адамға жеке көзқараспен қарап, көмек көрсетуге дайын. Өз жұмысын мұқият, шынайы ниетпен атқарады. Ұжым арасында беделді, әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста. Сонымен қатар, құжаттарды рәсімдеу, көмек түрлерін ұйымдастыру, есеп беру және тиісті мемлекеттік органдармен байланыс орнату жұмыстары да уақытылы және сапалы түрде орындайды.