Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының сыртқыэкономикалық қызмет бөлімінің халықаралық сапа стандарттары жөніндегі бас маманы және Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің мәдени-ағарту, театралды- концерттік және киноқызмет көрсету бойынша бас маманы

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысының әкімдігі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Маңғыстау облысы әкімдігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

     

    Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

                                                      

    Д-О-4 санаты үшін: жоғары білім,

    мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

    жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

     

    Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

    Санат

    Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

    min

    max

    1

    D-О-4

    195 895

    255 514

    2

    D-О-4

    195 895

    255 514

    3

    D-О-4

    168 875

            220 271

    Ескерту: Еңбекақыны факторлы-баллдық жүйемен есептейтін пилоттық жобаны енгізуге байланысты

     

    «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ, мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, № 434 кабинет. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (7292) 316228, электрондық мекенжайы: su.tlepov@mangystau.gov.kz  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

         

    1. Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының сыртқыэкономикалық қызмет бөлімінің халықаралық сапа стандарттары жөніндегі бас маманы (уақытша бос орын, негізгі қызметкердің 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 05.09.2023 жылға дейін демалысы кезеңіне) (D-О-4 санаты, 1 бірлік).

    Функционалдық міндеттері: Басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға, олардың сапалы және уақытында орындауға бағытталған жедел шаралар қабылдау. Облыс кәсіпорындарында халықаралық сапа стандарттарын жүзеге асыруды үйлестіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп техникалық регламенттерді, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу. Өндіріс кәсіпорындарында цифрлық бағдарламаны жүзеге асыру, мониторинг жасау және ақпарат алу. Экспортты жылжыту бойынша проблемалық мәселелерге және кедергілерге талдау жүргізу үшін Өңірлік экспорттық кеңес жұмысының ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз ету.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:  техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару,  инновациалық менеджмент, маркетинг, статистика, жобаны басқару); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

     

    1. 2. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің мәдени-ағарту, театралды- концерттік және киноқызмет көрсету бойынша бас маманы (санаты D-O-4, 1 бірлік).

    Функционалдық міндеттері: Облыстағы театрлар мен концерттік ұйымдардың қызметін қадағалау. Театралды-концерттік ұйымдар, мәдени-ағарту, клубтық, және киноқызмет жүйесі бойынша қызмет көрсететін облыстағы мекеме, кәсіпорындардың қызметін қадағалау. Мәдени-ағарту мекемелері мен кәсіпорындарының насихаттау қызметінің және келушілерге қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған жалпы мәдени шараларының өткізілуін (әдебиеттің, өнердің өзекті мәселелері бойынша тақырыптық көрмелер және басқалар) бақылайды және ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Облыстық мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының, қалалық, аудандық мәдениет бөлімдерінің қызметтерінің нәтижесі бойынша ақпараттық жоспар және есепке алу, уақытылы тапсырылуын ұйымдастыру. Бөлімнің мұрағат ісін жүргізу, құжаттардың сақталуын және тұрақты мемлекеттік сақтауға өз уақытында тапсырылуын қамтамасыз ету. Қызмет барысында ҚР 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» заңын, «ҚР мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығын, «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығы басшылыққа алады. Мемлекеттік органда ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

    Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Білім (музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу); Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, мәдениеттану, тарих, шығыстану, археология және этнология, түркітану); Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару); Өнер мамандықтары; Қызмет көрсету (әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, мәдени –тынығу жұмысы,  кітапхана ісі); Құқық (құқықтану).

     

    1. 3. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің Мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің әкімшілік кадр мәселелері бойынша бас маман – заңгері (уақытша бос орын, негізгі қызметкердің 30.06.2022 жылға дейін оқу демалысы кезеңіне) (санаты D-O-4, 1 бірлік).

    Функционалдық міндеттері: Мәдениет басқармасы аппаратындағы бос лауазымдық орындарға конкурс ұйымдастырады. Тоқсан сайын «Персоналды басқару», мемлекеттік қызметкерлердің саны және бос лауазымдық мемлекеттік әкімшілік орындарға өткізілген конкурстар туралы есеп дайындайды, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы және мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша мәлімет береді. Басқарманың жеке құрамының есебін жүргізеді. Басқарма қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына, жеке іс құжаттарына мерзімінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, кезекті еңбек демалысының кестесін жасайды. Басқарманың жеке құрамының арнайы тексеру құжаттарын әзірлейді, аппарат қызметкерлерінің салық комитетіне декларация тапсыруын қадағалайды. Басқарманың бұйрықтарын тіркеуді жүргізеді, жеке құрам туралы, тәртіптік шаралар туралы, Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына кезекті еңбек демалысын беру туралы, іссапар туралы бұйрықтарды дайындайды. Аппарат қызметкерлерінің жұмыс уақытының  табелін  жүргізеді.  Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларының еңбек кітапшаларына, жеке іс құжаттарына мерзімінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, кезекті еңбек демалысының кестесін жасайды.  Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының бос орындарына кандидаттар іріктеу конкурстарын ұйымдастырады. Басқарма қызметкерлерінің ішкі тәртіп ережелерін сақтауына бақылау жасайды. Басқарманың ведомстволық бағыныстағы мәдениет ұйымдары басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады. Істер номенклатурасына сәйкес іс-қағаз жүргізу жұмысына меншікті жауапкершілікте болады.

    Аппарат қызметкерлеріне және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға құқықтық оқытуды ұйымдастырады. Мекеменің құқықтық жұмысына әдістемелік басшылық жасайды, құрылымдық бөлімшелерге әртүрлі сипаттағы құқықтық құжаттарды әзірлеуге көмектеседі. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен басқарманың  мүдделерін білдіреді. Мекеменің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның құқықтық мәселелері жөніндегі құжаттарын дайындайды. Мекеме қызметкерлеріне заңгерлік көмек көрсетеді, құқықтық сұрақтар бойынша кеңес береді.  Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, жоспарға сәйкес жұмыстардың орындалысын бақылайды, ақпарламалар дайындайды. Басқарманың әкімшілік жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды.

    Азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің мерзімінде орындалуын бақылайды. Тоқсан сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есеп  дайындайды, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізеді. Бақылау картотекасын жүргізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін жасақтауды ұйымдастырады, қызмет көрсету сапасын  бақылайды.

    Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Құқық, Білім, Гуманитарлық ғылымдар, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) Өтініш;

     2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

    3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

    Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

    1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

    2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

    Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

    1) Өтініш;

    2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

    Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының, "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша психоневрологиялық ұйымнан анықтаманың, "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтаманың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Персоналды басқару бөлімі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

    Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

    Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

          

     

    Шағым жасау тәртiбi:

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

    Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

     

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік лауазымына

    орналасуға конкурс өткізу

    қағидаларының

    2-қосымшасы

     

     

    Нысан

     

          __________________________
    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

    Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

     

    Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

    (иә/жоқ)

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    ______________________

    ______________________

    ______________________

    Мекен жайы: ______________________

    Байланыс телефоны: ______________________

    e-mail: ______________________

    ЖСН: ______________________

     

    ____________________________________

          (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

        

      «___»_______________ 20 __ ж.

     

     

     

     

     

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік лауазымына

    орналасуға конкурс өткізу

    қағидаларының

    3-қосымшасы

     

     

    Нысан

     

    «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

    ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

     

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

     КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

     

    ________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
    фамилия, имя, отчество (при наличии)

    ФОТО
    (түрлі түсті/ цветное,
    3х4)

     



    _______________________________________
    лауазымы/должность, санаты/категория
    (болған жағдайда/при наличии)

     

    _______________________________________

    (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

    идентификационный номер)

    ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

    1.

    Туған күні және жері /

    Дата и место рождения

     

    2.

    Ұлты (қалауы бойынша) /

    Национальность (по желанию)

     

    3.

    Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

    Семейное положение, наличие детей

     

    4.

    Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

    Год окончания и наименование учебного заведения



    5.

    Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

    Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



    6.

    Шетел тілдерін білуі /

    Владение иностранными языками



    7.

    Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

    Государственные награды, почетные звания (при наличии)



    8.

    Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

    Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



    9.

    Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

    Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



    10.

    Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

    Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



     

    ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

     

    Күні / Дата

    қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

    должность*, место работы, местонахождение организации

     

    қабылданған /

    приема

    босатылған /

    увольнения







     



     

    _____________________
    Кандидаттың қолы /

    Подпись кандидата

    _______________
    күні / дата

     

     

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 04.11.2020

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    05.11.2020 – 13.11.2020
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    город Актау, 14 микрорайон, дом 1, кабинет № 434

    Анықтама алу үшін байланыс

    Телефон для справок: 8 (7292) 316228