Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұра және әкімшілік жұмыстар бөлімінің әкімшілік-кадр мәселелері жөніндегі бас маман-заңгері (санаты D-O-4, 1 бірлік) (блок В)

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысының әкімдігі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Адам ресурстарын басқару

Функционалды міндеттер

Тоқсан сайын «Персоналды басқару тиімділігін бағалау», «Персоналды басқару», мемлекеттік қызметкерлердің саны және бос лауазымдық мемлекеттік әкімшілік орындарға өткізілген конкурстар туралы есеп дайындайды, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы және мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша мәлімет береді. Басқарманың жеке құрамының есебін жүргізеді. Басқарма қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына, жеке іс құжаттарына мерзімінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, кезекті еңбек демалысының кестесін жасайды. Басқарманың жеке құрамының арнайы тексеру құжаттарын әзірлейді, аппарат қызметкерлерінің салық комитетіне декларация тапсыруын қадағалайды. Басқарманың бұйрықтарын тіркеуді жүргізеді, жеке құрам туралы, тәртіптік шаралар туралы, Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына кезекті еңбек демалысын беру туралы, іссапар туралы бұйрықтарды дайындайды. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларының еңбек кітапшаларына, жеке іс құжаттарына мерзімінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, кезекті еңбек демалысының кестесін жасайды. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының бос орындарына кандидаттар іріктеу конкурстарын ұйымдастырады. Басқарма қызметкерлерінің ішкі тәртіп ережелерін сақтауына бақылау жасайды. Істер номенклатурасына сәйкес іс-қағаз жүргізу жұмысына меншікті жауапкершілікте болады. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркейді және уақытылы, сапалы және мерзімінде орындалуын бақылайды, Тоқсан сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есеп дайындайды. Мекеменің құқықтық жұмысына әдістемелік басшылық жасайды, құрылымдық бөлімшелерге әртүрлі сипаттағы құқықтық құжаттарды әзірлеуге көмектеседі. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен басқарманың мүдделерін білдіреді. Мекеменің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның құқықтық мәселелері жөніндегі құжаттарын дайындайды. Мекеме қызметкерлеріне заңгерлік көмек көрсетеді, құқықтық сұрақтар бойынша кеңес береді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, жоспарға сәйкес жұмыстардың орындалысын бақылайды, ақпарламалар дайындайды. Басқарманың әкімшілік жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізеді. Бақылау картотекасын жүргізеді. Мемлекеттік органда ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау. Аппарат қызметкерлерінің жұмыс уақытының табелін жүргізеді.

           

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.05.2024 – 07.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ, мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7292) 462111, /1103/