Маңғыстаудың интерактивті картасы

Сипаттама

Жоба Маңғыстау өңірінің киелі, тарихи және мәдени нысандарының интерактивті картасын қалыптастыру арқылы, жергілікті бағалы құндылықтар, табиғи ландшафттар негізіндегі және мәдениетпен қалыптасқан мұралардың, тарихи архитектуралар, ескерткіштер, кесенелер, сондай-ақ, тарихи және саясы маңызы бар оқиғалардың орындарын халық арасында таратып, насихаттауды көздейді. 

Бағыты

Интерактивті карта жобасы (интернет-ресурс) - «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени қорығы мен Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының тапсырысы бойынша әзірленген.

Мақсаты

Маңғыстау облысындағы Қазақстанның 100 объектісінің ұлттық тізіміне және жергілікті маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген қасиетті орындарды цифрландыру мақсатында жасалған. Тарихи және мәдени маңызға ие нысандар мен орындарға табиғи ландшафттар мен мәдени мұралар, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ халықтың жадында сақталған құндылықтарға ие тарихи және саяси оқиғаларға байланысты жерлер кіреді. Жоба әрі қарай әлі де толықтырылып, болашақта интерактивті картаға кірген маңызы бар нысандардың географиясын кеңейту жұмыстары жалғасын табатын болады.