Жыл сайын дәстүрлі форматта өңірлік және республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы өткізіледі. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі. «Еңбек Жолы» конкурсын өткізудің басты мақсаты жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен белсенді өндіріс жұмыскерлерін айқындау және бұл конкурс «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал ету болып табылады.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
1 – кезең өңірлік деңгейде өткізіледі.
2 – кезең республикалық деңгейге сәйкес облыстың, Астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары арасында өткізіледі.
Осы аталған ережеге сәйкес «Еңбек жолы» конкурсына өңіріміздегі кәсіпорын жұмыскерлерінен өтінімдерді қабылдап, сол өтінімдер бойынша облыстық комиссиямен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздар анықталып, құжаттары ары қарай республикалық деңгейде жеңімпаздарды анықтау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне жолданды. Республикалық деңгейдегі жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады.
ФОТО
Жақсығатовтар әулетінің Маңғыстау мұнайын игеру мен дамытуға қосқан үлесі өте зор. Бір кездері таңдаған мамандығы тағдырына айналатын адамдар көп. Бірақ олардың арасынан жанқиярлық еңбегінің үлгісін жаңа ұрпақ үшін өмірдің бастауы ретінде көрсете отырып, тұтас әулетті осы мамандыққа баули білгендерді табу оңай емес. Жақсығатов Мұратбай Жақсығатұлы осындай адамдардың санатынан шыққан жан. Ол еңбегінің 50 жылға жуық уақытын мұнай саласында өткізген. Бүгінгі таңда Жақсығатовтың ұрпақтары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да еңбек етеді. Осы еңбек жолдарында Жақсығатовтар әулеті Маңғыстау облысының мұнай-газ кешенінің дамуына қосқан зор үлестері үшін бірнеше марапаттарға ие болған. Жақсығатовтар әулетіне «Еңбек Жолы» конкурсына белсене қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Азамат Тоғызаев Нұрлан Райұлы «Арман» бірлескен кәсіпорны ЖШС-де 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білікті, мықты маман. Осы еңбек өтілі жылдарында Тоғызаев Нұрлан Райұлы адал және білікті қызметі үшін бірнеше марапаттарға ие болған. 20 жыл еңбек өтілінде бірнеше жас мамандарды тәрбиелеп шығарып, үздік тәлімгер атанған. Тоғызаев Нұрлан Райұлына жұмысыңыздың жемісін көріп, әліде үлкен белестерді бағындыра беріңіз деп тілейміз!. «Еңбек Жолы» конкурсына белсене қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жас маманға алдағы жұмысына үлкен шабыт, табыс, толағай жетістіктер тілейміз! «Еңбек Жолы» конкурсына белсене қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.