Меню
Страницы

Ақтауда 19-шағын ауданда жаңа «Жайлы мектеп» ашылды

Бүгін, 27 қаңтар күні, Ақтауда ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 19-шағын ауданда жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Аталған мектеп 1200 орындық, қазіргі таңда 2100 оқушы білім алуда. Білім ордасы қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оқушыларға арналған робототехника, STEM, хореография, инклюзивті білім беру, сурет салу, қыш өнері кабинеті бар. Мектеп акт зал, екі спорт зал және кітапханамен қамтамасыз етілген. Салтанатты шарада Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов жаңа мектептің лентасын қиып, оқушылар мен ұстаздарды құттықтады.
 
-ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде блім ордалары бой көтеріп жатыр. Мысалы, Ақтау қаласында бір оқу жылында 5 мектеп пайданалануға беріліп отыр. Оның ішінде 3 білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл іргелі жұмыстар мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың сапалы білім мен тәлім-тәрбие алуына барлық мүмкіндіктер жасалып отырғандығының айқын көрінісі деп айтуымызға болады. Ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Социальные медиа
Управление образования Мангистауской области
МО Білім басқармасы
Маңғыстау - education білім
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы