
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің қызметі
Бөлім барлық оқушылардың жалпыға бірдей міндетті орта білім алуына мүмкіндіктер жасау және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде кешкі мектептердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын орындауды, облыс мектептері түлектерінің қорытынды аттестаттауын, жалпыға міндетті оқу айлықтарын ұйымдастырады, орындалуын қадағалайды. Мектепалды дайындық пен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру ұйымдарының қызметін қадағалайды.
Білім беру ұйымдарының кітапхана қоры бойынша ақпараттарын жинайды, талдау жүргізеді, болжам жасайды облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.
Жалпы орта білім беретін мектептердің, оның ішінде (кешкі мектептердің) де мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауды, оқу жылының басталуы менен аяқталуын, білім беру ұйымдары желісінің, оның ішінде жекеменшік, кешкі ұйымдары желісінің мониторингін жүргізеді, облыс оқушыларының қозғалысы мен үлгерімі, оқу жылының басталуы мен аяқталуына қатысты статистикалық есебін жүргізу жұмыстарын үйлестіреді.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім сапасын арттыру бойынша, базистік оқу жоспарын жүзеге асыру, вариативтік сағаттарға, «Алтын белгі», үздік аттестатқа және үздік куәлікке үміткерлердің құжаттарын талапқа сәйкестігін қадағалайды.
Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім гранттарын беру, жоғары оқу орындарына, соның ішінде, шетелдік оқу орындарына оқуға түскен жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне мониторинг жүргізу жұмыстарын жүргізеді.
Мектеп жасындағы оқушыларды, оның ішінде 10 күннен артық дәлелсіз себептермен мектепке бармайтын балаларды анықтауды жүзеге асырады.
Шағын комплектілі мектептер, мамандандырылған білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіреді.