«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» тәуекелдерді ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан I және II санаттағы объектілер операторларының, облыстың экология департаментінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мәселелері қарастырылды. Объектілер операторларына атмосфераға шығарындыларды 20%-ға дейін төмендету бойынша нақты мақсаттар қойылды. «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру аясында осы тұжырымдаманың негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар ұсынылды. Атап айтқанда, сенбіліктер ұйымдастыру, экологияны насихаттау және көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаракөл аумағында экопарк және қала аумағында скверлер құру бойынша ұсыныстар айтылды. Кездесу барысында ағаш отырғызу – істің аяқталуы емес екені, оларды әрі қарай күтіп-баптау қажеттігі де ерекше атап өтілді.
Ағымдағы 2 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған актив отырысы өтті.
Жиында конституциялық реформалардың маңызы, халық билігін нығайту, заң үстемдігі мен билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Комиссия жұмысының жалпы бағыты мен қоғамдық талқылаудың маңыздылығы атап өтілді.
Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған тарихи қадам. Оның мәні мен мазмұнын қоғамға дұрыс жеткізу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
19 декабря текущего года Управлением природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области проведен мониторинг работы ТОО Green city Aktau по посадке деревьев в г.
Актау в ноябре и декабре До 11 ноября 2025 года в микрорайонах 19а3312 и 4 города Актау было высажено 790 деревьев
В ходе мониторинга установлено, что с 11 ноября по 19 декабря вокруг микрорайонов 28 А2627910, сквера Захарова, сквера Победы, сквера геологов 12 мкр.и сквера мечети Бекет ата высажено в общей сложности 1234 дерева (ясеньклен акация)
2025 жылғы 23 желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Маңғыстау облысының халқымен кездесу өткізеді.
Мекен жай: Ақтау қаласы, 19-шағын аудан, № 2 үй, Қабиболла Сыдиықұлы атындағы облыстық кітапхана.
Бағдарлама:
10:00 – 11:00 — азаматтарды жеке қабылдау;
11:00 – 12:30 — халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу;
12:30 – 13:00 — өңірлік БАҚ-пен брифинг.
Кездесу ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») тікелей эфирде көрсетіледі.
📞 Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8 (701) 100-44-66
📧 Электрондық пошта: s.koblashov@ecogeo.gov.kz
Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз!
https://www.instagram.com/reel/DQrt31_jTiv/?igsh=MWp1cmlyZmxsb3JqeA==
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Ақтау қалалық тұрғын үй және коммуналдық бөлімінің мамандары Green city Aktau ЖШС-нің Қазан, қараша айларынды отырғызылған яғни күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Күз айларында Ақтау қаласының 19а,33,12 және 4-ші шағын аудандарына 790 түп ағаш отырғызылып жұмыстар әлі де жалғасуда.
Хабарландыру
Құрметті тұрғындар!
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында іс-шараларда әуе шарларын ұшыруға тыйым салынады.
🎈 Әуе шарлары ауаға көтерілген соң табиғатқа түсіп, құстарға, жануарларға зиян келтіреді және жер мен суды ластайды.
🌿 Мерекелерде табиғатқа зиянсыз баламаларды қолданайық: жалаушалар, қағаз шамдар, гүл безендірулері – эко мәдениеттің белгісі!
«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» тәуекелдерді ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды