
Ағымдағы жылдың 19желтоқсан күні Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Green city Aktau ЖШС-нің қараша және желтоқсан айларында Ақтау қаласында отырғызылған ағаш отырғызу жұмыстарына мониторинг жүргізді
2025 жылдың 11 қарашасына дейін Ақтау қаласының 19а,33,12 және 4-ші шағын аудандарына 790 түп ағаш отырғызылыған болатын.
Мониторинг барысында 11 қарашадан бастап, 19 желтоқсанына дейін 28 А,26,27,9,10 шағын аудандары, Захаров сквері, Жеңіс сквері, 12 ш/а геологтар сквері және Бекет ата мешіті скверінің айналасына жалпы 1234 түп ағаш (шаған,үйеңкі, акация) отырғызылғаны анықталды.