




Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында Есенов университетінің «Эколог» мамандығында білім алып жатқан студенттеріне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында студенттер полигонның жұмыс істеу жүйесімен, қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, орналастыру, сұрыптау және басқару процестерімен танысты. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздік талаптары, қоршаған ортаға келетін әсерді азайту жолдары және қалдықтарды тиімді басқарудың заманауи тәсілдері түсіндірілді.
Бүгінде тұрмыстық қалдықтар мәселесі — әлемдік деңгейдегі өзекті экологиялық проблемалардың бірі. Қалдықтарды дұрыс басқару тек қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, адам денсаулығы мен болашақ ұрпақтың өмір сапасына да тікелей әсер етеді. Осы бағыттағы тәжірибелік экскурсиялар студенттердің кәсіби білімін жетілдіріп, экологиялық жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
#ТазаҚазақстан
#ТазаМаңғыстау
#ТазаҚазақстан, #ТазаОрта