Міндеттер:
Сарға ауылы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – әкім).
Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс әкімінің, аудан әкімінің және әкімнің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
барлық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ барлық меншік түріндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
әкімнің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, оның ішінде әкімнің қатысуымен іс-шаралар өткізу;
әкімнің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс жүргізуді ұйымдастыру, қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау, құжат айналымын талдау, ресми бланкілер мен елтаңбалық мөрлердің қолданылуын және сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің бұзылуын жою жөнінде шаралар қабылдау;
органдар мен ұйымдар, лауазымды адамдар дайындаған әкім актілерінің жобаларын, егер олар белгіленген талаптарға сай келмесе, пысықтауға қайтару, сондай-ақ қаралуы басқа лауазымды адамдар мен ұйымдардың құзыретіне кіретін құжаттар мен материалдарды қайтару;
әкімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен қызметтік хат алмасулар жүргізу;
әкімнің нормативтік құқықтық шешімдерінің (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актілерден басқа) ресми жариялануын ұйымдастыру);
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарына әкімнің нормативтік құқықтық шешімдерін мемлекеттік тіркеуге ұсыну.
| Мекен-жайы: | 130104, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Төлеп Әнетұлы көшесі, 33Б ғимарат |
| Сенім телефоны: |
8(729)-32-23-3-35 8(729)-32-23-3-50 |
| Факс номер: | 8(729)-32-23-4-35 |
| e-mail почта: | akimat_sarga@mail.ru |



Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған
