Жиі қойылатын сұрақтар
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.
«Аудандық (қалалық) ветеринариялық станция» мемлекеттік коммуналдық мекемелері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді, жануарға жеке нөмір береді, дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады және жануар иесіне ветеринариялық паспорт береді.
Қаңғыбас иттерді жаппай аулап жоюға тиым салынған.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, қаңғыбас иттердің санын реттеу «аулау - уақытша ұстау –вакцинациялау – стерилизациялау – тіршілік ету ортасына қайтару» принципі бойынша жүргізіледі. Қаңғыбас иттер адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жансыздандыруға жатады.
Маңғыстау облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған мемлекеттік панажайлар жоқ.
Қазіргі күні Ақтау қаласының әкімдігімен қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған панажай құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.
Маңғыстау облысының ветеринария басқармасына жазбаша өтініш беру арқылы, аталған жер учаскесінде сібір жарасы қорымдары туралы мәліметтердің бар немесе жоқтығы туралы ресми ақпарат алуға болады. Өтініште жер учаскесінің орналасқан мекен жайы, географиялық координаталары, жауап жолдау үшін өтініш берушінің тұрғылықты және электрондық мекен жайы, ұялы телефон нөмірі көрсетілуі тиісті.