Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Репертуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы, C-3 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Философия
- Мәдениеттану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Музыкатану
- Аспаптық орындаушылық
- Вокалдық өнер
- Дәстүрлі музыка өнері
- Саясаттану
- Аймақтану
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Орындаушылық өнер
- Халық аспаптары
- Ән айту өнері
Функционалды міндеттер
Жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықпен мәдениет саласына қатысты жалпы жұмыстарды үйлестіреді. Мемлекеттік тапсырыс аясындағы шығармашылық үйірмелердің жұмысын үйлестіру, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізеді. Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы «Рухани қазына» республикалық фестивалін, жаңа өнер туындыларына арналған «Dala dauysy» республикалық конкурсын ұйымдастыру іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына қатысты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығына қатысты жұмыстарды жүргізеді. Басқарманың құзыреті шеңберінде мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жобаларын әзірлеу, министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциялық жоспарын, мәдениет саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеуге қатысады және ұсыныстар енгізеді. Басқарма жетекшілік ететін бағыттары бойынша есептерді, баяндамаларды, ақпаратты және өзге де материалдарды сапалы дайындауды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Функцияларын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асырады, қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік әдепті сақтауға міндетті. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволармен, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерін, сатып алу шарттарын, орындалған жұмыстардың актілерін келіседі. Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерді қарайды, сондай-ақ құжаттардың сапалы және уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
БЛОК А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.konkurs@mki.gov.kz
- 26.01.2026
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (QOSYL арқылы)
-
8-7172-74-13-88