Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Министрге қол қоюға ұсынылатын құжаттардың, нормативтік құқықтық актілер жобаларының және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлік (бұдан әрі - Министрлік) әзірлейтін құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру; шарттар, халықаралық келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, оларды дайындау жөніндегі жұмысқа қатысу; құрылымдық бөлімшелердің сұранымдары және Заң департаменті басшылығының, аппарат басшысының және Министрдің тапсырмалары бойынша заңнамалық қорытындылар әзірлеу, Министрлік жетекшілік ететін саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру; құқық қорғау және сот органдарына беру үшін сыбайлас жемқорлық және де басқа құқық бұзушылық сипаттары бар болу мүмкіндігі бар әзірленген материалдардың заңнамалық рәсімделуін іске асыру; басқарманың құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрлік атынан түсіндірмелер беру; әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; Министрліктің норма шығару қызметін саралау және оның нәтижелері бойынша аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу; Министрліктің, оның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдар қызметкерлеріне құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру; ведомствоаралық комиссия отырыстарына қатысу үшін материалдарды дайындауға қатысу, заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімдерін орындауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Парламентінде Министрлік әзірлеушісі болып табылатын заң жобаларының өту барысына қатысу; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын, оның ішінде оларды Министрліктің өзге басқармалар әзірлеген жағдайда, келісу жолымен дайындауға қатысу; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
БЛОК В
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.konkurs@mki.gov.kz
- 07.10.2025
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (QOSYL арқылы)
-
8-7172-74-13-88