Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті Отбасы саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 21 қыркүйекке дейін), C-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Философия
  • Филология
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Басқарманың жалпы басшылығы және жұмысын ұйымдастыру;

«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығын және оны іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының орындалуын үйлестіру; 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету жұмысын үйлестіруге; 

 тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеуге;

 басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге;

отбасы мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын үйлестіруге;

 Салалық біліктілік кеңесімен және кәсіби біліктіліктерді тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша отбасылық саясат саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу және бекіту;

 Отбасылық саясат саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектендіру;

 басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау жұмысын үйлестіруге;  

 ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды үйлестіруге; 

басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;

отбасылық саясат салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етуге;

 отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға;

 отбасы саясаты мәселелері бойынша бюджеттік өнімге ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіруге (жинақ есептер, түсіндірме жазба және т.б.);

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыруды үйлестіруге (техникалық ерекшеліктерді әзірлеуді, конкурстық комиссия жұмысына қатысуды, шығармашылық есепті қарау және ол бойынша қорытынды беруді үйлестіру); 

отбасы саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыруды үйлестіруге;

басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

отбасы саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиямен өзара іс-қимылды қамтамасыз отбасы саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыруды үйлестіруге; 

 отбасылық мәселелер бойынша брифингтер және өзге де бұқаралық іс-шаралар дайындауға;

 басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісуге; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беруге;  

басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізуге, оларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге;

өтініштерді орындау кезінде тіркеу карточкасына деректерді сапалы енгізуді қамтамасыз ету;

 тиісті салада тиімді бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу үшін қоғамның өзекті сұраныстары мен трендтерін айқындау мақсатында отбасылық саясаты мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау.

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.

 

БЛОК В

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.09.2025 – 30.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

03.10.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (QOSYL арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-13-88