Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тарих
- Мәдениеттану
- Археология және этнология
- Құқықтану
- Мүсін
- Өнертану
- Сән өнері
- Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Функционалды міндеттер
Тарихи-мәдени мұра саласына байланысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі, Министрлік және Комитет және Басқарма басшысының тапсырмаларын орындау, олардың баяндамаларына мәліметтер дайындау; Қазақстан Республикасы Парламенты депутаттарының сауалдарымен жұмыс жүргізу; тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттау саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асырылуына, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруға және орындауға қатысу; мемлекеттік тапсырыстар, сатып алулар, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шарттарының орындалуын бақылау; мемлекеттік тапсырыстарға, сатып алуға және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған шарттарға техникалық тапсырманың және (немесе) техникалық ерекшеліктердің жобаларын әзірлеу;Мемлекеттік республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімін жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Мемлекеттік жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімдерін келісу; тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша арнайы комиссия жұмысын қамтамасыз ету; музей-қорықтар бойынша көркемдік кеңес жұмысын жүргізу; тарих және мәдениет жұмыстары мен археологиялық жұмыстар жүргізуге лицензия беру туралы мемлекеттік қызметті көрсету; тексеру парақтары мен тәуекел деңгейлері критерийлері бойынша тексерулер; тарихи-мәдени мұра саласы мәселелері бойынша Министрлік өткізетін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуге құжаттар дайындау; тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану мәселелері бойынша талдамалық есептерді дайындау; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; өз құзыреті шегінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу.
БЛОК В
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.konkurs@mki.gov.kz
- 03.10.2025
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (QOSYL арқылы)
-
8-7172-74-13-88