Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ішкі аудит департаменті Аудит басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
«Мемлекеттік аудитор» біліктілігін иеленгені туралы сертификаттың болуы.
Функционалды міндеттер
Қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысады. Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді. Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың, оның ішінде сатып алынған тауарлардың мерзімі, көлемі, бағасы, саны мен сапасы, жұмысы, қызметі бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді. Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады. Министрліктің стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды. Тауар-материалдық запастардың және өзге активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады. Департамент директорына аудиторлық есепті және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп жобасын береді. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін құрастыру барысында талдау (талдау, бағалау, ден қою шаралары) жүргізеді, объектілер тізбесіне ұсыныстар енгізеді. Алдын ала зерделеу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және оның аймақтық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындардан қажетті ақпараттарды сұратады. Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес департамент басшылығына республикалық бюджет қаражаттарының пайдалануы, басшылық тапсырмаларын орындау кезіндегі бұзушылықтардың жолын кесу және болдырмау бойынша ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен берілген ұсынымдардың, нұсқамалардың, соңдай-ақ камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді, олардың орындалуының толықтығы мен сапасына талдау жасайды. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырады. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есептік ақпаратты жинақтау үшін жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы ақпаратты дайындайды. Басшылықпен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
БЛОК В
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.konkurs@mki.gov.kz
- 26.09.2025
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)
-
8-7172-74-13-88