Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 19 мамырға дейін), C-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тарих
  • Дінтану
  • Шығыстану
  • Теология
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Исламтану

Функционалды міндеттер

Оңалту жұмысын үйлестіру мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мүдделі мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

бекітілген тізімге сәйкес деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен профилактикалық және оңалту жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету;

3) деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмысты ұйымдастыру шеңберінде құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

экстремизмнің алдын алу, халықтың радикалды идеологияға иммунитетін қалыптастыру мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл орнату бойынша діни ұйымдарға жәрдем көрсету;

облыстардағы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс істеуге тартылған теологтарды кадрлық қамтамасыз етуге талдау жүргізу,

Астана, Алматы және Шымкент қалалары;

оңалту жұмысын үйлестіру мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдарына ақпараттық материалдар, есептер, анықтамалар дайындауды жүзеге асыру;

өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыру;

деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен көмек орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

Діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына бірлескен іс-шаралар, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға;

азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;

функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;

лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;

қызметтік тәртiпті сақтауға;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;

қызметтік әдепті сақтауға;

басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;

мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге;

лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;

өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;

бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға;

лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;

мемлекеттік органның жолдамасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті бағдарламасы бойынша дәреже алуға, өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi.

Мемлекеттік қызметшілердің осы тармақшада көзделген міндеттемелері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларда, бюджет қаражаты өтелместен, мерзімінен бұрын тоқтатылады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

конференцияларды, семинарларды, кеңестерді, дөңгелек үстелдерді, дәрістерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттардың орындалуын, сондай-ақ өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарды орындамаған кезде қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін техникалық құжаттама дайындау, мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу, орындалатын (орындалған) жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) мониторингі, орындалған жұмыстар актілерінің қорытындысы;

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамыменөзара әрекеттесуге;

діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;

 «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңымен (бұдан әрі – Заң) белгіленген талаптарды сақтайды, соның ішінде орындау жауапкершілігі Комитетке бекітілген мемлекеттік сатып алулар туралы келісімдердің шарттардың орындалуын мониторингілейді, келісімдер шарттарының уақытылы және толымды орындалуын жүзеге асырады; келісімдер шарттары, сондай-ақ Заң талаптары бұзылған жағдайда, бұндай бұзулар туралы Комитеттің басшылығын шапшаң хабардар етуге;

аралық және қорытынды есептерді қабылдау процесінде, сондай-ақ келісімдерді орындау туралы құжаттарға (тауарларды қабылдап алу-беру актілері, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметтер, шот-фактуралар актілері және басқа құжаттар) қол қою кезінде Заң талаптарын сақтауға;

басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеуге;

басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз етуге;

қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарауға;

Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;

Басқарма бас сарапшысының Комитеттің Ережесінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де міндеттері болады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.09.2025 – 16.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

18.09.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-13-88