Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Өңірлік жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Филология
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

этносаралық қатынастар саласында бірлескен іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына консультациялық көмек көрсету;

жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі есептерін үйлестіруді және талдауды қамтамасыз ету;

басқарма құзыреті шеңберінде этносаралық салада мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін мониторингілеу және талдау үшін өңірлерге шығуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

басқарма құзыреті шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

өңірлердегі этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу;

Жергілікті атқарушы органдарға Басқарманың құзыреті шеңберінде құжаттарға (ақпаратқа) талдау жүргізу үшін қажетті сұрау салуларды дайындауды жүзеге асыру;

басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарауды және келісуді қамтамасыз ету;

басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;

аралық және қорытынды есептерді қабылдау процесінде, сондай-ақ шарттардың орындалуы туралы құжаттарды (тауарларды қабылдау-беру актілерін, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерін, шот- фактуралар мен басқа да құжаттарды) келісу кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыруды қамтамасыз ету; басқарманың құзыреті шегінде заңдарды және өзге де құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарын және операциялық жоспарын, жұмыс жоспарын және өзге де бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

Министрлік алқасының отырыстарын, Министрде, вице-министрлерде, аппарат басшысында, Комитет төрағасында аппараттық кеңестер өткізуді ұйымдастыруға қатысу;

этносаралық саясатты іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырманың тиісті орындалуын тексеруді қамтамасыз ету;

басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың басқа бас сарапшысы және (немесе) сарапшысы уақытша болмаған кезде оның міндеттерін атқару;

басқарма туралы ережеге сәйкес Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау;

этностар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған этносаралық қатынастар саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу және енгізу;

этносаралық инциденттер мен қақтығыстардың алдын алу немесе шешу бойынша халықаралық тәжірибе мен дипломатия әдістерін қолдану;

қоғамдық келісім мен бейбітшілікті, этностар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған жоспарларды әзірлеу және жүзеге асыру;

түрлі этностық топтардың Қазақстандық қауымдастыққа бірігуін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлар мен шараларды әзірлеу;

әртүрлі этностардың теңсіздігі мен экономикалық теңгерімсіздігі мәселелерін анықтау, сондай-ақ оларды шешу бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу;

өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын қарастыру және ұсыныстар енгізу;

статистикалық әдістерді пайдалана отырып, түрлі салалардағы (еңбек, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және т.б.) этникалық кемсітушіліктің деңгейі мен себептерін анықтау;

этносаралық қатынастар саласында жиналған статистикалық деректер негізінде тұрақты есептерді дайындау.

 

БЛОК В

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.06.2025 – 04.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

09.06.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-13-88