Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 14 шiлдеге дейін), C-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде Министрліктің құзыреті бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындау бойынша есептерді әзірлеу, мониторингілеу және дайындау бойынша жиынтық жұмысты жүргізу және орындалуын бақылау, сонымен қатар:
- Министрліктің операциялық жоспары,
- Салалық құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп Министрліктің стратегиялық шешімдерін әзірлеу және мемлекеттік саясатын қалыптастыру бойынша, оларды мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында бекіту (жеке салалықты қоспағанда), оның ішінде миссиясын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін бекіту бойынша жұмыс
- Салалық құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп Министрліктің мемлекеттік саясатын әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдер мен құжаттарды (хаттамалық тапсырмалар, жоспарлар, жол карталары, KPI, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі және т.б.) дайындау бойнаш жұмысты ұйымдастыру;
- Министрліктің операциялық жоспарын әзірлеу және орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының нысаналы индикаторларының, даму стратегиялары мен жоспарларының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың төмен тұрған деңгейге декомпозициясын қамтамасыз ету;
- Министрліктің Даму жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне және нысаналы индикаторларына сәйкестігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму стратегиялары және даму жоспарлары бойынша ұсыныстарды қарау және енгізу, сондай-ақ олардың орындалу барысына мониторинг жүргізу;
- Ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің түйінді көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты жүргізу, Министрліктің басшылығына талдамалық ақпаратты енгізе отырып, олардың аралық мониторингі және бағалау;
- Министрлік жетекшілік ететін салаларды дамыту жөніндегі ұсыныстармен ағымдағы жағдай бойынша министрлік пен Департамент басшылығына талдау жазбаларын дайындау;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрлікте, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;
- Министрлік жетекшілік ететін салаларды стратегиялық жоспарлаудың сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері бойынша департамент басшылығына ұсыныстар, Департаменттің талдау қызметі бойынша ұсыныстар енгізу;
- Министрліктің стратегиялық даму мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- Басқарма және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.
БЛОК А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.konkurs@mki.gov.kz
- 19.08.2024
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)
-
8-7172-74-13-88