Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Жиынтық талдау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыста болуына байланысты 18.08.2025 ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының тапсырмалары бойынша, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатпайтын заңды және жеке тұлғалардың сұрау салулары бойынша хат алмасуларды дайындау және жүргізу жөніндегі жиынтық жұмысты жүргізу (қажет болған жағдайда барлық Вице-министрлердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жинақтау, не Министрдің немесе жауапты хатшының тапсырмасы бойынша өзге де жағдайларда);
- Министрдің немесе жауапты хатшының қатысуымен Үкіметтің отырыстарына, Үкіметтегі, Президент Әкімшілігіндегі немесе мемлекеттік органдардағы кеңестерге материалдар дайындау жөніндегі жиынтық жұмысты жүргізу;
- Министрлік алқаларын, министрдің өңірлердегі халықпен есепті кездесуін және Министрдің қатысуымен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру, оның ішінде материалдарды дайындау және іске қосылған құрылымдық бөлімшелерді үйлестіру;
- Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатпайтын мәселелер бойынша мемлекет Басшысының Жолдауын түсіндіру және т. б. мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы шегінде Министрлік басшылығының шығуы шеңберінде жиынтық материалдарды дайындау;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрлікте, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;
Департамент басшылығына басқарма жұмысының сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, құзыреті шеңберінде Талдамалық жазбалар енгізу;
БЛОК В
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.05.2024
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)
-
8-7172-74-13-88