Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаменті Электрондық архив басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Жобаны басқару
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері

Функционалды міндеттер

1)  Департамент пен Министрлік басшылығының бұйрықтарын, тапсырмаларын уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті;

2)  Басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу;

3)  Басқарма жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу;

4)  Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

5)  Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауды, бақылауды, ұйымдастыруды және талдауды жүзеге асыруға, басқармада өзара алмасуды қамтамасыз ету;

6)  Басқармаға келіп түсетін құжаттардың орындалуын бақылауды, олардың орындалу сапасы мен уақтылығына талдау жүргізуді жүзеге асыру;

7)  Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, стратегияларды, стратегиялық және операциялық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу;

8)  Министрліктің қызметін цифрландыру саласындағы бірыңғай саясатты іске асыру;

9)  Министрліктің цифрландыру саласында ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу және мониторингілеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға;

10) Министрліктің цифрландыруды дамыту саласында іске асырылатын жобалар бойынша техникалық ерекшеліктерді, техникалық тапсырмаларды, жұмыс жоспарлары-кестелерін әзірлеуге және келісуге қатысу;

11) Министрліктің ақпараттық жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және іс-шаралардың мониторингін қамтамасыз ету;

12) «Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» АЖ сүйемелдеуді, әкімшілендіруді және модификациялауды қамтамасыз ету;

13) Құзыреті шегінде құжаттардың электрондық Мұрағатын жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

14) Жауапты тұлғалардың Министрліктің деректерді басқару талаптарын сақтауына мониторинг жүргізу;

15) «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдамалық жүйесінде Министрліктің жауапты тұлғаларының деректер базасын өзекті, толық және дәлме-дәл мәліметтермен уақтылы толтыруын үйлестіру;

16) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге міндетті;

17) Министрлікті цифрландыру мәселелері бойынша Министрліктің семинарларын, алқаларын, конференцияларын және талдамалық материалдарын дайындауға қатысу;

18) Министрліктің ақпараттық жүйелерін, ақпараттық ресурстарын және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын үздіксіз қамтамасыз етуді және олардың жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүргізу;

19) Министрліктің ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және іс-шаралардың мониторингін қамтамасыз ету;

20) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Үкіметке, орталық мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға берілетін ақпараттың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету;

21) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволармен, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

22) Басқарудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша есептерді, баяндамаларды, ақпаратты және өзге де материалдарды сапалы дайындауды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

23) Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің мониторингін және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз ету;

24) Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жария етпеу;

25) Өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органның және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың жоғары тұрған басшысының және (немесе) басшылығының назарына дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өздеріне белгілі болған жағдайлары туралы дереу жеткізуге міндетті. Бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;

26) Өз құзыреті шегінде басқарма жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарайды, сондай-ақ құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

27) Архивтық құжаттарды цифрландыру бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;

28) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау.

 

БЛОК В

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.05.2024 – 16.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.05.2024

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-13-88