Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Конфликтология

Функционалды міндеттер

мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

басқарманың құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде, ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу;

тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын әзірлеу.

құзыреті шеңберінде мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шеңберінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру; ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;

басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

білім және тәрбие беру жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қажетті консультативтік көмек көрсету;

республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру; 

басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

жастардың адамгершілік-рухани дамуы, отбасылық, гендерлік саясат саласындағы мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Министрлік басшылығының актілерінде көзделген және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасына сәйкес бекітілген лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

БЛОК В

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.01.2024 – 19.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

23.01.2024

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-13-88