Халықаралық волонтерлер форумы
Халықаралық волонтерлер форумы
(Форум ұйымдастырушылары: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, республикалық волонтерлер фронт-офисі, «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ).
Конкурсқа қатысуға белсенді волонтерлерді, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың (18 жастан бастап) басшылары шақырылады.
Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdS-l0D417M39RkT4B7eiFX8qHrllsZWIQV_pPN75aEiwsluA/viewform?usp=sf_link
Бүгінде Халықаралық волонтерлер форумы - волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналған. Онда 30-дан астам шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен бірқатар делегаттар қатысады.
Форумның негізгі мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын өткізу жөніндегі БҰҰ сессиясында айтылған бастамасын ілгерілету.