«Жомарт Жүрек» байқауы

«Жомарт Жүрек» байқауы

«Жомарт Жүрек» – қайырымдылық саласындағы меценаттар мен филантроптар арасындағы жыл сайынғы республикалық байқау. Бұл сыйлық елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан ұйымдары мен азаматтарын анықтауға, оларды көтермелеуге бағытталған.

Байқау 5 номинация бойынша өтеді:

  • «Жыл тұлғасы»;
  • «Жыл меценаты»;
  • «Туған өлке»;
  • «Жылдың үздік ұйымы»;
  • «Жылдың үздік қамқоршысы».

Онлайн дауыс беру кезеңі jomartjurek.ruh.kz сайтында өтеді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 50 лауреат (10 жеңімпаздан 5 номинация) «Жомарт Жүрек» республикалық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атағына ие болады.