«Nauryz» бірінші Ұлттық телехикаялар бәйгесі
«Nauryz» бірінші Ұлттық телехикаялар бәйгесі
Отандық сериалдардың контентін кәсіби тұрғыдан бағалайтын «Nauryz» Ұлттық бәйгесі алғаш рет 2023 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтті.
«Nauryz» бірінші Ұлттық телехикаялар бәйгесінің ресми сайты: nauryz-awards.kz
Бәйгеге қазақстандық телеарналардың эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар қатыса алады.
Конкурстық өтінімдерді республикалық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және сериалдарды өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары бере алады.
Конкурс 13 номинация бойынша өтеді:
- Үздік тарихи сериал
2. Үздік драмалық сериал
3. Үздік комедиялық сериал
4. Үздік веб-сериал
5. Үздік актер
6. Үздік актриса
7. Екінші пландағы үздік актер
8. Екінші пландағы үздік актриса
9. Үздік режиссер
10. Үздік сценарист
11. Үздік қоюшы-оператор
12. Үздік монтаж
13. Үздік саундтрек
Бәйгенің негізгі мақсаты – сериалдық контентті дамытуды қолдау, отандық және халықаралық онлайн платформаларда қазақстандық телехикаяларды көрермен арасында танымал ету.
Жеңімпаздарға NAURYZ арнайы мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.
- Қосымша ақпарат:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/512382?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/527678?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/530248?lang=kk