Журналистерге арналған дағдарысқа қарсы коммуникация тақырыбында семинар өтеді

Журналистерге арналған дағдарысқа қарсы коммуникация тақырыбында семинар өтеді

Алматыда 8 қазан күні «Дағдарыс пен тұрақсыздық жағдайында ұйымдар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» тақырыбында семинар өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Нархоз университеті және Қазақстандағы БҰҰДБ бірлесіп ұйымдастырды.

Іскерлік журналистика, бизнес-коммуникациялар және жаһандық медиа саласындағы жетекші сарапшылар дағдарыс жағдайында медиамен өзара байланыс бойынша практикалық ұсыныстар мен стратегияларын бөліседі.

Оқыту өтетін мекенжай: Алматы қ., Жандосов көшесі, 55, Нархоз университеттің бас ғимараты, № 109 ауд.

БАҚ, мемлекеттік және коммерциялық сектор ұйымдарының өкілдерін, PR-мамандарды және барлық мүдделі тұлғаларды келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://gforms.app/r/db6wMzf

Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ баспасөз қызметтерінің өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция ұйымдастырылады: https://zoom.us/j/92136460436?pwd=1vfF5f1AomSQGgqbfcG2Cfwasgy2Us.1 (конференция идентификаторы: 12345678, кіру коды: 921 3646 0436).

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефоны бойынша хабарласуға болады: +7 7172 740186, +77073777049,

email: gulmira.sultanbayeva@narxoz.kz

Семинар бағдарламасы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі