Алматыда қаржы-экономикалық журналистика бойынша курс өтеді

Алматыда қаржы-экономикалық журналистика бойынша курс өтеді

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті қаржы-экономикалық саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді (бағдарлама).

Оқыту курстары офлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Абай даңғ., 8А.

Қатысушылар курс өткені туралы арнайы сертификаттар алады.

Курстың тікелей көрсетілімі К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің YouTube-тегі https://www.youtube.com/c/UIBChannel  ресми парақшасында өтеді.

Құрметті журналистер, аталған курсты өтуге қызығушылықтарыңыз болса, мына сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://forms.gle/YKMxjsVbNx9jf7go6 

Барлық қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +77029992277, Анель.