Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және көпшілік талқылау қағидалары бекітілді

Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және көпшілік талқылау қағидалары бекітілді

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға енгізілген түзетулер негізінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган болып айқындалды. Осыған орай, Министрлік 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты бекітті. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде 2021 жылғы  29 сәуірде № 22651 мемлекеттік тіркеуден өтті. (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/163464?lang=ru)

Қағидалар ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалар жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) орналастыру және жария талқылау тәртібін айқындайды.

Қағидаларда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ресми және (немесе) жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда бюджеттік бағдарламалар жобаларын жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған баспасөз релизін және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру міндеті көзделген.

«Ашық бюджеттер» порталында ақпарат пайдаланушыларға бюджеттік бағдарламалар жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге "жақтап" немесе "қарсы" дауыс беру мүмкіндігі беріледі.