Бірыңғай Азаматтарды қабылдаудың күні


Сіз әлі де үлгересіз!
Бірыңғай Азаматтарды қабылдаудың күні аясында 21 қараша күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың азаматтарды жеке қабылдауына жазылу әлі жалғасуда.
Егер Сізде біздің министрліктің құзыретіне қатысты сұрақ болса, Сіз сұрағыңызды министрге жеке қоя аласыз. Сонымен қатар, бұл күні, егер қаласаңыз, Сізді салалық бөлімшелердің жетекшілері қабылдайтын болады. Кездесуге жазылу үшін 8 (7172) 74-04-98 нөміріне хабарласыңыз. Жазылу ағымдағы жылдың 20 қарашасында сағат 12.00-де аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, біздің Министрліктің басшылығымен кездесу мүмкіндігі тек қазір ғана болмайды. Әр айдың соңғы сәрсенбісінде ақпарат және қоғамдық даму министрі мен вице-министрлері Сіздің сұрақтарыңызға біздің министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлімінде жауап береді. Алдын-ала тіркелу Министрліктің ресми сайтында https://qogam.gov.kz/ru/virtual_reception сілтемесі бойынша жүзеге асырылады.
21 қараша 2019
Басқа