«Ашық диалог» порталында сауалнама өткізетіндігі туралы


Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының адам санасына әсері» тақырыбында сауалнама өткізетінін хабарлайды.
Сауалнама «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қызығушылықты, оның халыққа әсері мен проблемалық сұрақтарын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Осыған байланысты, Сізді 2019 жылдың 10 қазанына дейін өткізілетін сауалнамаға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 (7172) 74-25-65,
74-19-96 (Шаханова Бекзада).
Басталу уақыты
09 қыркүйек 2019
Соңғы күні
10 қазан 2019
Оқиға түрі
Хабарландыру